Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (64) Өлеңдер (51) Мақал-мәтелдер (106) Ұлағатты сөздер (132) Әзіл, анекдоттар (7)

Барлық әйел сұлу болып тумайды, ал 30 жасқа дейін әдеміленбесе, оның жәй ғана ақымақ болғаны.

Ілмектер: әйел, сұлу, ақымақ Коко Шанель

Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.

Ілмектер: әйел, әлем Габриэль Гарсиа Маркес

Әйелдер тек жасаған опазыдықты кешіре алмайды. Егер ойын ережесін басынан ұйымдастыратын болсаңыз, әйелдер оны еріксіз қабылдайды. Алайда, ойын барысында ереженің өзгергенін жандары сүймейді.

Ілмектер: әйел, опасыздық, ереже, ойын Габриэль Гарсиа Маркес

Бар еркек – құбыжық, әйелдерге тек дұрыстап тамақтандыру ғана қалады.

Ілмектер: еркек, әйел Оскар Уайльд

Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.

Ілмектер: қоғам, әйел, құқық, басқару Наполеон Бонапарт

Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар.

Ілмектер: әйел, бала, тәрбие, қабілет, перзент Константин Ушинский

«Оппозиция – әйеліңнен басталады» Ол сенің жанашырың.

Ілмектер: оппозиция, әйел Қадыр Мырза Әли

Мен үшін ең қиын соғыс — әйелім Оливиемен болған соғыс.

Ілмектер: соғыс, әйел Ескендір Зұлқарнайын

Әйелдер әйелдер үшін киініп, өзара бәсекелес дейді. Ол рас. Бірақ егер жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді.

Ілмектер: әйел, ер, киім Коко Шанель

Мен бүкіл әлем әйелдері үшін киім тігіп шығардым, ал олар келіп жалаңаш жүруге тырысады.

Ілмектер: әйел, киім, жалаңаш Коко Шанель

Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.

Ілмектер: әйел, естілік, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.

Ілмектер: әйел, ұл, патша, нақыл, афоризм Бұқар жырау

Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.

Ілмектер: қыз, әйел, сипат, афоризм, нақыл Шәңгерей Бөкеев

Жақсы болса жұбайың - қабағыңа қарайды.

Ілмектер: жұбай, әйел, нақыл, афоризм Сүйінбай Аронұлы

Асыл болса алған жар - ханым емей немене,
Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.

Ілмектер: жар, әйел, мінез Би-шешендер

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы

Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Шоқан Уәлиханов

Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.

Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер

Жаман әйел көп ұйықтар.

Ілмектер: жаман, әйел, ұйқы, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы