Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (48) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (49)

Өлім деген жалғаннан,
Шын өмірге, өтетін көпір.

Ілмектер: Өлім Бағлан Нұғманов

Егер өмір туралы аз білсек, сонда өлім туралы біз не білеміз?

Ілмектер: өмір, өлім, нақыл, афоризм Конфуций

Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.

Ілмектер: өлім, мәңгілік, көктем, бақыт, жаз, қыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.

Ілмектер: жаман, сенім, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны,
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны,
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны,
Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді.

Ілмектер: өлім, хат, ғалым, тау, ай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.

Ілмектер: құс, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Алладан һүкім келмей өлмек жоқ.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өлімнен емес, өмірді зая өткізуден қорқу керек.

Ілмектер: өлім, Өмір, бос, бекер, мәнсіз, пайдасы жоқ, пайдасыз Бертольд Брехт