Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (41) Өлеңдер (36) Ұлағатты сөздер (6)

Тірі болсақ - алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!

Ілмектер: алаш, мемлекет, заман, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын сонда қайда едің?

Ілмектер: алаш, заман, көсем, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

Ілмектер: заман, Алаш, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.

Ілмектер: ел, алаш, Мұғалім, ұстаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Алашқа жатқан алты елдің,
Түпкі атасы Тұраннан.
Жаңылмаңдар қазағым,
Алаш баба ұраннан!

Ілмектер: алаш, ел Қожаберген жырау

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Ілмектер: тәуелсіздік, алаш, қазақ Міржақып Дулатұлы