Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (204) Өлеңдер (334) Жоспарлар (24) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (51) Әзіл, анекдоттар (4)

Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

Ілмектер: қыз, ана, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Ұстаз – анаңдай ұлы.

Ілмектер: ұстаз, ана Жүсіпбек Аймауытов

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

Ілмектер: отан, ұят, ар, қымбат, ата, ана Қазыбек Келдібекұлы

Нәзіктік атаулының жиынтығы — ананың алақаны, сондықтан да ол — сәби үшін ең жылы ұя.

Ілмектер: нәзіктік, ана, алақан, сәби, ұя Виктор Гюго

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.

Ілмектер: ана Оноре де Бальзак

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

Ілмектер: ана, шеше, мінез, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Ата-анасын ардақтамаған ұл – нағыз қылмыскер. Ешбір ұлдың анасына бейжай қарауына құқы жоқ.

Ілмектер: ата-ана, ұл, ана, қылмыскер, ардақтау Ги де Мопассан

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Ілмектер: ана, мейірім, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.

Ілмектер: отан, ана, қайрат Мұхтар Әуезов

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.

Ілмектер: ана, туған күн, өмір, өлім Габриэль Гарсиа Маркес

Адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан тайынбайды. Бұл – табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да, махаббаттың алдында кім болса да әлсіз, амалсыз.

Ілмектер: махаббат, ана, бала, жігіт, қыз, құдірет, дүние, күш Ілияс Есенберлин

Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.

Ілмектер: әке, өлім, ана, шеше, аға, іні, апа, қарындас Жиренше шешен

Ат — биеден, алып — анадан.

Ілмектер: ат, ана, алып Жанақ Сағындықұлы

Ананың әлдиін білмеген – ұл болмайды,
Уставты білмеген – солдат болмайды.

Ілмектер: ана, әлди, ұл, солдат, устав Бауыржан Момышұлы

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Ілмектер: жауынгер, ана, ұл, артық Бауыржан Момышұлы

Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана сияқты ие береді, ие береді.

Ілмектер: еңбек, ана Ғабиден Мұстафин

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Ілмектер: ана, тіл, тарих Бауыржан Момышұлы

Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім.

Ілмектер: сурет салу, тау, бұлақ, ана, ою, үйрену Әбілхан Қастеев

Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді.

Ілмектер: адам, дүние, ана, өмір Габриэль Гарсиа Маркес