Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (46) Өлеңдер (21) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (22) Әзіл, анекдоттар (4)

Жақсы адам иттің алдында да ұятты сезінеді.

Ілмектер: ұят, адам, ит Антон Чехов

Ит аулақта доңыз шығар төбеге.

Ілмектер: ит, доңыз, төбе Қашаған Күржіманұлы

Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді.

Ілмектер: ит, достық, адал, адалдық, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ит мені ешқашан қапқан емес. Қапқан тек адамдар.

Ілмектер: ит, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мэрилин Монро

Ит үрер жақсыға да, жаманға да.

Ілмектер: ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,
Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан.

Ілмектер: мал, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ерке ит ауыз жалайды.

Ілмектер: ит, ерке, ауыз, еркелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Есіріп отырсаңдар ішіп арақ,
Итсіңдер иесіне үрген нағыз барақ.

Ілмектер: арақ, ит Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Иттің кімге үргенін ешкім білмейді.

Ілмектер: ит, үру Гераклит

Әрбір үрген итке тас лақтыру үшін тоқтай беретін болсаңыз, ешқашан діттеген орныңызға жетпейсіз.

Ілмектер: ит, тас, орын, жету, діттеген орын, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Мен доңыздарды жақсы көремін. Иттер бізге төменнен жоғары қарай, ал мысықтар жоғарыдан төмен қарай қарайды. Тек доңыздар бізді тең көреді.

Ілмектер: доңыз, ит, мысық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Не жесе ит баласы соны құсар.

Ілмектер: ит, жеу, бала, құсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.

Ілмектер: жақсы, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

Ілмектер: шошқа, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,
Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,
Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,
Итке тастау дегенiң осы емес пе?

Ілмектер: арыз, жала, өсек, шеше, ана, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сүйінбай Аронұлы

Егер сендер дауыс беру арқылы бәрiн шешуге болады деп ойласаңдар, онда Афинаның бар иттерi атқа айналсын деп дауыс берiп көрiңдер.

Ілмектер: дауыс беру, ит, ат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ

Жеңген иттiң құйрығының қайқысы-ай
Артын ашып, абыройын жаппаған.

Ілмектер: жеңіс, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, абырой Иран-Ғайып

Ит — ауыл есігінің қоңырауы.

Ілмектер: ит, ауыл, қоңырау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады.

Ілмектер: ит, адам, қасиет Мұхтар Әуезов

Арсыз көңіл адамды ит етеді. Ақыл, айла итті адамдай етеді.

Ілмектер: ар, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ит, адам, ақыл, айла Ғабиден Мұстафин