Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (8)

Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Ілмектер: білім, білімсіз, бақ, азық Мұхтар Әуезов

Хан – халықтың қазығы,
Қараша – ханның азығы.

Ілмектер: хан, халық, азық Майқы би

Оқу — білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.

Ілмектер: оқу, білім, қазық, азық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сәкен Сейфуллин

Құранның даусы шықса, ажалы келіп қалғандай, бастарына жабатын бірдеңе іздеп абыр-сабыр күй кешетін адамдар әлі бар ортамызда. Құран-Кәрім тірілерге ғана түскен деп, әруақтарға Құран оқыған дұрыс емес дейтіндер де бар. Шын мәнінде, Құран өлі тірінің рухани азығы.

Ілмектер: Құран, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, азық Нұрхалық Абдырақын

Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс.

Ілмектер: ақыл, білім, азық Лев Толстой

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі — кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.

Ілмектер: өмір, заң, азық, дос Омар Хайям

Ақылыңа азықты көп беруге тырыс.

Ілмектер: ақыл, азық Лев Толстой

Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі.

Ілмектер: жануар, азық, тор, ата-ана, бала, от Нарша Булгакбаев