Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (57) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (2)

Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар.

Ілмектер: ай, ой, түн Мұзафар Әлімбаев

Ат қасқасы ай болмас

Ілмектер: ат, ай Махмұд Қашқари

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны,
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны,
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны,
Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді.

Ілмектер: өлім, хат, ғалым, тау, ай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Надандық дегенiмiз ақылдың түнi: айсыз және жұлдызсыз түн.

Ілмектер: Надандық, ақыл, түн, ай, жұлдыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон