Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (16)

Жаман болса алғаның - мақтасы қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен - аққа берген серт артық.

Ілмектер: жаман, пайдасыздық, керексіздік, артық Базар Оңдасұлы

Мен артық киімдердің болғанын қаламаймын. Өйткені киімің көп болған сайын оларды жұмсайтын күш-қуатың да көп болады.

Ілмектер: киім, артық, қалау, күш, қуат Роберт Де Ниро

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Ілмектер: жауынгер, ана, ұл, артық Бауыржан Момышұлы

Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян.

Ілмектер: су, зиян, денсаулық, артық, нақыл, афоризм Құтып

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.

Ілмектер: май, шам, артық, нақыл, афоризм Құтып

Дүние жеткізбейді ойласаң да,
Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.

Ілмектер: дүние, артық, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Биязы, тәрбиелі оңбағаннан, «боқауыз» жақсы адам болған артық.

Ілмектер: Биязы, тәрбиелі, оңбаған, боқауыз, жақсы, адам, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Бiр адам басқа адамға бiр тамшы жылудан басқа не бере алады? Және бұдан артық не болуы мүмкiн?!

Ілмектер: жылулық, адам, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ремарк Эрих Мария

Шынында да, адамның өзiн-өзi жеңуi, өзiне-өзi тиянақты түрде тыйым сала бiлуi, өзiн-өзi көндiре бiлуi басқа бiреудi жеңуінен әлдеқайда артық.

Ілмектер: артық, жеңіс, адам, тыйым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.

Ілмектер: құмарлық, ашу, бейнет, алдау, мұң, құштарлық, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.

Ілмектер: адам, дарын, артық, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Қарға да қанат қомдап қарқылдайды,
Несi артық менен осы сұңқардың деп.

Ілмектер: қарға, артық, сұңқар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Өзiнiң ақымақтығын жасыра бiлетiн адам, өзiнiң даналығын көрсеткiсi келетiн кiсiден артық.

Ілмектер: ақымақ, даналық, артық, кісі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.

Ілмектер: жетістік, ереже, артық, еңбек, үміт, білу Уильям Шекспир

Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.

Ілмектер: ұлт, соғыс, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Ештеңені жасағаннан да ештеңе жасамаған артық.

Ілмектер: ештеңе, артық Лев Толстой