Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (40) Ұлағатты сөздер (9) Әзіл, анекдоттар (1)

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.

Ілмектер: ауыз, қол, жан Мұхтар Әуезов

Адам кейде өзінің сезімдеріне ие бола алмаса да, әрдайым аузына ие болуға тиіс.

Ілмектер: сезім, ие болу, ауыз, сөз Пьер Буаст

Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.

Ілмектер: табиғат, ауыз, сөз, нақыл, афоризм Сократ

Айтса, дуалы ауыз айтсын.

Ілмектер: ауыз, дуа, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Ерке ит ауыз жалайды.

Ілмектер: ит, ерке, ауыз, еркелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жоспарың туралы ешкімге ауыз ашпа.

Ілмектер: жоспар, ауыз Зигмунд Фрейд

Адамның бет келбеті оның аузына қарағанда әлдеқайда көп шындықты айтады. Маңыздысы, ауыз адамның идеясын айтса, бет пішіні оның идеясының мән-мағынасын айтады.

Ілмектер: адам, келбет, идея, ауыз, шындық, бет, пішін, мән, мағына Артур Шопенгауэр

Түрік халқы — батыр халық. Түрік халқы — арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының аласы.

Ілмектер: түрік халқы, халық, арыстан, ер, таяқ жеу, дұшпан, ауыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұстафа Шоқай

Мен-менсіген ісік кеуде шаттауық қысса жіптіктей болады. Дарбаза ауыз, орақ тіл — ауыз күйсе тыншығады.

Ілмектер: кеуде, ауыз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин