Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (20)

Ақымақтықтың екі белгісі бар. Бірі - өзіне пайдасы жоқ нәрсені әңгіме қылуға бейім тұрады. Екіншісі - сұрамаған адамға ақыл айтады.

Ілмектер: ақымақтық Платон

“Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”

Ілмектер: шек, ғалам, адам, ақымақтық Альберт Эйнштейн

Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда.

Ілмектер: ақымақтық, даналық, дерт, дос, жолдас Уильям Шекспир

Өзіне шексіз риза болу — ақымақтық.

Ілмектер: ақымақтық Ги де Мопассан

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Ілмектер: надан, надандық, ақымақтық, дос, қанжар Саиф Сараи

Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз, алайда өзіне толықтай көңілі толатын адам – нағыз ақымақтың өзі.

Ілмектер: адам, бақытсыздық, ақымақтық, ақымақ Ги де Мопассан

Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.

Ілмектер: ақымақ, ақымақтық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, дос Пьер де Бомарше

Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады.

Ілмектер: ақымақтық, даналық Уильям Шекспир

Адамның ақымақтығы өз денсаулығына әлдебір сыртқы нәрселерді айырбастап алуы.

Ілмектер: адам, денсаулық, ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ.

Ілмектер: ақылды, ақыл, тілек, ақымақ, ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Өзіңізде бар нәрсеге ұялу — ҚАТЕЛІК,
Ал, жоқ нәрсеге ұялу — ол жәй ғана АҚЫМАҚТЫҚ.

Ілмектер: ұят, ақымақтық, ұялу, афоризм Заманбек Жумабаев

Адамдар тағдыр деп жүрген нәрсе, шын мәнiнде, олар жасаған ақымақтықтардың жиынтығы ғана.

Ілмектер: тағдыр, ақымақтық, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Артур Шопенгауэр

Адам ақымақтық жасаудан қорықпаса, демек ол әлі жас адам

Ілмектер: адам, ақымақтық Петр Капица

Орынсыз шашпалық — мырзалықтан гөрі ақымақтыққа жақынырақ.

Ілмектер: ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мырзалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ақымақтық аярлықпен көрші тұрады.

Ілмектер: ақымақтық, аярлық, көрші Роберт Вальзер

Ақымақтықта əлдебір тектілік бар.

Ілмектер: ақымақтық, тектілік Роберт Вальзер

Əлдебір мақсаттан — ақымақтықпен немесе терең ойламағандықтан ғана одан гөрі тəуірлеу мақсат таппай тұрып, бас тартуға болады.

Ілмектер: мақсат, ақымақтық, бас тарту Жорж Батай

Ақымақтық — жануарға тəн белгі емес. Жануар «ақымақ» болудан ерекше қорғалған.

Ілмектер: ақымақтық, жануар Жиль Делез