Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (31)

Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда.

Ілмектер: ақымақтық, даналық, дерт, дос, жолдас Уильям Шекспир

Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.

Ілмектер: өзін-өзі тану, нақыл, даналық Фридрих Шиллер

Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз.

Ілмектер: бала, тыю, даналық Жан-Жак Руссо

Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді.

Ілмектер: оқу, білім, даналық Демокрит

Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Бірақ үстемдік құратын даналық оған туа бітпеген: ол ондай даналыққа білім арқылы жетеді.

Ілмектер: адам, табиғат, даналық, білім Николай Лобачевский

Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады.

Ілмектер: ақымақтық, даналық Уильям Шекспир

Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді.

Ілмектер: жомарт, дана, даналық, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Даналық - ғылымның бастауы.

Ілмектер: даналық, ғылым, нақыл, афоризм Цицерон

Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа жетелейді.

Ілмектер: таңсәрі, таң, ерте ояну, денсаулық, байлық, даналық Аристотель

Қол жеткізе алмайтын істен ертерек бас тарта білу — даналықтың басты белгісі болып қала береді.

Ілмектер: даналық Стефан Цвейг

Болмыс даналығы үнемдi: ондағы бар жаңа ескiден тiгiледi.

Ілмектер: болмыс, даналық, жаңа, ескі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Жақсылық дегенiмiз даналық пен бiлiм.

Ілмектер: жақсылық, даналық, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ

Мәселеге қарсы көзқарастың тұрғысынан қарай бiл — нағыз даналық осында.

Ілмектер: мәселе, көзқарас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даналық Дмитрий Менделеев

Орта жол — даналыққа ең жақын нүкте, оған жетпеу одан асып кеткенмен бiрдей.

Ілмектер: жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даналық Конфуций

Даналыққа үйренiп қою жеткiлiксiз, оны пайдалана бiлу керек.

Ілмектер: даналық, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Менiңше, бiрге жиналған кезде ең ұлы адамдар да топастанып қалады және данышпандар көп болған жерде даналық та аз болады.

Ілмектер: данышпан, даналық, топастық, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Ақылды адам ертенгі күнін ойлайды.
Ақылсыз адам бүгіндікпен ойнайды.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, даналық, ақылды адамдар, ақыл, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, адам баласы Али Динабеков

Ақылды жүрекпен сезіп, аз сөйлеп оймен жеткізер.
Ақылсыз мұрынмен сезіп, көп сөйлеп тілмен жеткізер.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, ақыл, ақылды, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, жүрек, мұрын, тіл, сөйлеу, сезім Али Динабеков

Бойыңды қалай таза ұстасаң,
Жүректі солай таза ұстау керек.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, даналық, тазалық, таза, жүрек, адамның бойы Али Динабеков

Білімді болсаң биікке өсерсің,
Білімсіз болсаң төменге түсерсің.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, білім, білімді, білімсіз, биікке өсу, төменге түсу, білімді болу, білімсіз болу Али Динабеков