Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (12)

Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл-ойыңды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет.

Ілмектер: жаттығу, дене, төзім, денсаулық Максим Горький

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.

Ілмектер: ауру, дене, денсаулық, рух Бернард Шоу

Нақты не қалайтыныңызды елестете алған кезіңізде, бұл сіздің санаңыз бен денеңізді мақсатыңызға жету үшін программалай бастайды. Өз шектеулерімізден асып шығу үшін бұдан да зорына лайықты екенімізді сезіне алуымыз керек. Сол кезде шынайы өмір сіздің үмітіңізді ақтайды.

Ілмектер: қалау, мақсат, өмір, сана, дене, сезім, үміт Энтони Роббинс

Барлық дене қимылдарының ішінде — күлкі ең келістісі, ол ас қорытуға, қан айналымына қолайлы әсер етіп, барлық ағзалардағы өмірлік күшке серпін береді.

Ілмектер: күлкі, дене, Өмір Кристоф Вильгельм

Біздің денеміздегі кейбір мүшелер миымыздан да ақылды.

Ілмектер: дене, мүше, ақыл, ми, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Өз iстерiңмен айналысқанда ағаш кесушiлерге ағаш айтыпты деген бiр сөздi естерiңде ұстаңдар: «Егер сендердiң қолдарыңда менiң денемнiң бiр бөлiгi болмағанда, сендер ешқашан менi құлата алмас едiңдер».

Ілмектер: ағаш, іс, дене, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахикар

Ғалам — ұлы дененің санасы.

Ілмектер: ғалам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дене, сана Джордано Бруно

Егер бақыт денеде болса, онда сиыр шөп жегенде ең бақытты деп айтуымыз керек.

Ілмектер: бақыт, сиыр, дене, шөп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Төзімділік дене қуатынан гөрі, сабырлылық әдеміліктен гөрі қайырлы.

Ілмектер: Төзімділік, дене, қуат, сабыр, әдемілік, қайыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Адамның денесі өзі топырағынан жаратылған жəне өзі оны зор ризашылықпен жоққа шығаратын Жерге арналған сынақ тəрізді. Эрекцияны қаһарман қатаңдықпен еш салыстыруға болмайды.

Ілмектер: адам, дене, топырақ Жорж Батай

Мистикалық өмірге деген ұмтылысы кезінде адамдар көп қателеседі: олар жақсылық пен жамандықты, жан мен денені, рух пен тəнді бір-біріне қарсы қояды.

Ілмектер: мистика, өмір, қателік, жақсылық, жамандық, дене, рух, тән Пьер Тейяр де Шарден

Бақыт — денеге әсер етсе, бақытсыздық жаныңды қажайды.

Ілмектер: бақыт, дене, бақытсыздық, жан Марсель Пруст