Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (45) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (19)

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ

Ілмектер: жастық Абай Құнанбайұлы

Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

Ілмектер: жүрек, жастық Абай Құнанбайұлы

Жастығым өтті деп не керек уайым ғып,
Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық.
Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп,
Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп!

Ілмектер: жігіт, қарттық, жастық Қадыр Мырза Әли

Мен сізді жас деп айтпағаныма ренжімеңіз. Себебі жастық шақ – ең тез өтіп кететін кез.

Ілмектер: жастық, жастық шақ Агата Кристи

Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.

Ілмектер: адам, қарттық, жастық, өмір Иүгінеки Ахмед

Дәурені озса — жасы жеткені болар, қамқа тозса — күтімі кеткені болар.

Ілмектер: дәурен, қарттық, жастық, күтім Сырым Датұлы

Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.

Ілмектер: азамат, жастық, қарттық шақ, қарт Томас Фуллер

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады.

Ілмектер: адам, мінез, жастық Мұхтар Әуезов

Адамның бойындағы бұлжымас баянды нәрсе — өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.

Ілмектер: адам, жастық Ян Амос Коменский

Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.

Ілмектер: өмір, көзқарас, жастық, қарттық, адам Мұхаммед Әли

Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.

Ілмектер: жастық, жастық шақ, өнер Ғабит Мүсірепов

Бұл өмірдің жұмағы — жігіттік шақ.

Ілмектер: жігіт, жастық, жұмақ, нақыл, афоризм Қашаған Күржіманұлы

Жас ұлғайған сайын, желдің соғысы да күшейе түседі.

Ілмектер: жас, жастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пабло Пикассо

Адам өмірінің ең биік шыңы — жастық.

Ілмектер: өмір, адам, жастық, жастық шақ, шың Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен.

Ілмектер: өмір, ажал, жастық, жастық шақ Бұқар жырау

Жас адамға жүрек — би.

Ілмектер: адам, жастық, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамзат, сенің қасыретің сол, жастығыңды ақымақтықпен өткізіп, жасампаз шағыңды жалқаулықпен тауыстың. Енді көрге лақтырар қаңқаң ғана қалды. Пендеге де, батырға да, Адамның бүкіл ұрпағына ортақ мылқау өліктердің мәңгілік мекені бар екенін ұмытпа.

Ілмектер: адамзат, қасірет, жастық, жалқаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иван Бунин

Жастық өтер, кәрілік жетер.

Ілмектер: жастық, кәрілік, өмір Шал Құлекеұлы

Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен.

Ілмектер: жастық, жастық шақ, қызық, баға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин