Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (32) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (25) Ұлағатты сөздер (9)

Махаббаттағы айрылысу кәдімгі жел мен от сияқты. Кішкентай махаббатты өшіреді, ал үлкен махаббатты одан да қатты жандандырады.

Ілмектер: махаббат, айрылысу, жел, от Александр Куприн

Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды.

Ілмектер: кеме, жел, мақсат Сенека

Жалғанда жұмақ – жазғы жел.

Ілмектер: жаз, жел, нақыл, афоризм Бернияз Күлеев

Кеме қай портқа баратынын бiлмесе, желi оңынан тұрмайды.

Ілмектер: кеме, порт, жел, нақыл, мақсат, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Сұңқар желдің ағынымен емес, желге қарсы биік ұшады.

Ілмектер: сұңқар, жел, ағын, биік, ұшу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Егер жауың байқалмаса, босаңсыма, жел де көрiнбейдi, бiрақ шырақты өшiредi.

Ілмектер: жау, босаңсу, жел, шырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

Ілмектер: қару, қайрат, өмір, жел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жетер жерін анықтамаған кісіге жел қай жақтан соқса да бағыттас бола алмайды.

Ілмектер: мақсат, жел, бағыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды.

Ілмектер: жел Жорж Батай

Пікірлер