Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (6)

Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.

Ілмектер: от, жылан, өсиет Саиф Сараи

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.

Ілмектер: өсиет, тәлім, тәрбие, жылан Саиф Сараи

Жылан терісін өзгерткенімен,
Түрін өзгертпейді.

Ілмектер: жылан, түр, тері, парсы мақалы

Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

Ілмектер: жала, жылан, у, зұлым Әлішер Науаи

Бір патша келе жатса маң-маң басып,
Айбары, салтанаты жаннан асып,
Кездесті жолда жылан иреңдеген,
Кетпек боп көзден таса жанталасып.
— Әй, сен, деп, қайдан келдің? — елең етті.
— Алтынның қорығынан келем, — депті.
— Алтынның жарқылынан әсем не бар?
— Жарықтың нұр сәулесі десем нанар.
— Ал не бар, сәуледен де жарығырақ?
— Адамға алтыннан да керегірек,
Тарайтын жарықтан да тереңірек,
Рухың нұрланады әңгімемен,
Сұхбаттың бәрінен де берері көп.

Ілмектер: рух, әңгіме, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жылан Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ізгі адам мен міншіл адамның айырмасы сыйыр мен жыландай: сыйыр шөпті сүтке айналдырады, жылан сүтті уға айналдырады.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ізгілік, міншіл, жылан, сиыр, сүт, у, шөп Үнді даналығы