Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (20) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (10)

Әр адам — бір-бір жұмбақ.

Ілмектер: адам, жұмбақ Шерхан Мұртаза

Жұмбақ - сөз образының кілті,
Ақындықтың ұрық-дәні.

Ілмектер: жұмбақ, ақын, ақындық, сөз Мұхтар Әуезов

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
Ешкім шығара алмас қиын есеп.

Ілмектер: өмір, жұмбақ Оралхан Бөкей

Дүниенің ең басты жұмбағы - адам.

Ілмектер: дүние, жұмбақ, адам Қадыр Мырза Әли

Адам — жұмбақ. Оны шешу керек, ол жұмбақты өмiр бойы шешер болсаң, онда уақытым кеттi деп өкiнбе.

Ілмектер: адам, жұмбақ, өмір, уақыт, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Федор Достоевский

Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрініс табады. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек. Өз қалауларымызға абай болайық, өйткені бізге оларды толықтай жүзеге асыра алатын таңдау еркі берілген!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жүрек, қалау, жұмбақ, жол, Өмір, сақтық, ұмтылыс, түсіну, қалау, еркіндік Нарша Булгакбаев

Ғаламның бар жұмбағын шешетін жалғыз ғана адам болмайды. Соны шешу жолындағы бірнеше ғасырларға жалғасқан Ғалымдар мен Даналар тізбегі болады.

Ілмектер: Ғалам, жұмбақ, жалғыз, адам, шешім, жол, ғасыр, дана, ғалым, тізбек, туралы Нарша Булгакбаев

Дүние — адам үшін шешуге тиісті жұмбақ тəрізді.

Ілмектер: дүние, адам, жұмбақ Жорж Батай

Шығармашылық — суретшінің өз өзінен жасыратын жұмбағы.

Ілмектер: шығармашылық, суретші, жұмбақ Станислав Ежи Лец

Тіршілік бітсе қайтарып ала алмайсың, ақырет жетсе сатып ала алмайсың. Жауабы бұл жұмбақтың — өткінші құбылыс уақытың.

Ілмектер: Уақыт, тіршілік, ақырет, жұмбақ Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев