Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (31)

Қарапайымдылық - менің табиғи кемшілігім.

Ілмектер: қарапайымдылық, кемшілік Сальвадор Дали

Егер қыздың кемшіліктерін білгіңіз келсе, оны құрбыларының алдында мақтаңыз.

Ілмектер: қыз, кемшілік Бенджамин Франклин

Жұмыс бізді үш түрлі зор қырсықтан: зерігуден, кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады.

Ілмектер: жұмыс, зерігу, кемшілік, мұқтаждық Франсуа Вольтер

Біз бәріміз бір-бірімізден жетіспеушіліктерді байқай аламыз, алайда жақсы тұстарымыз туралы неге сөз қозғамаймыз.

Ілмектер: кемшілік, сөз Ник Вуйчич

Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру.

Ілмектер: кемшілік, қиындық, сәттілік, жол, қадам Томас Эдисон

Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.

Ілмектер: кемшілік, мін Ғабит Мүсірепов

Сүйегі жоқ балық болмайытыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды.

Ілмектер: кемшілік, адам, сүйек, Балық Мартин Лютер

Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.

Ілмектер: патриот, мақтау, кемшілік, түзеу Нұрсұлтан Назарбаев

Өзімшілдік – тірі пенденің орасан зор кемістігі.

Ілмектер: өзімшілдік, кемшілік Уильям Шекспир

Өз ойларын көріктеп айта алмау — кемшілік, ал өзінің көкейіне түскен ойларының болмауы — одан да асқан кемшілік.

Ілмектер: кемшілік, ой Константин Ушинский

Өркөкіректікте басқа кемшіліктердің жақсы қасиеті жоқ - ол жасырын бола алмайды.

Ілмектер: өркөкірек, кемшілік, нақыл сөздер Фрэнсис Бэкон

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Ілмектер: қазақ, кемшілік, мін, ауру Міржақып Дулатұлы

Егер біздің бойымызда кемшіліктер болмаса, оларды жақындарымыздың бойынан көргенде сонша сүйсінбес едік.

Ілмектер: кемшілік, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді.

Ілмектер: тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақылсыз, кемшілік Конфуций

Кемшіліктеріңізді ойлап сары уайымға салынбаңыз. Ал өзгелердің кемшін тұсын мүлде ойға алмаңыз. Жақсы қасиеттерді бойыңызға сіңіруге тырысыңыз. Ал кемшіліктеріңізден, қураған жапырақтың үзіліп түсетіні сияқты, уақыты келгенде арыласыз.

Ілмектер: кемшілік, уайым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет, жапырақ Джон Рескин

Кез келген надандықтың ортақ кемшiлiгi — өзiң бiлмейтiннiң бәрiн жоққа шығару.

Ілмектер: надандық, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Кемел адам кемшіліктің бәрiн — өзiнен, бос адам басқалардан iздейдi.

Ілмектер: кемел, адам, кемшілік, іздеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Ұсақ қателiктерден iрi кемшiлiктерге өту қиын емес.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, кемшілік, қиын, қанатты сөздер Сенека

Қызығушылықтары менің қызығушылықтарыма ұқсайтындардың бәрінен мен үнемі кемшілік табамын.

Ілмектер: Қызығушылық, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эмиль Чоран

Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.

Ілмектер: кемшілік, жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги