Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (12)

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Ілмектер: мұғалім, білім, мінез, киім, оқушы Мәлік Ғабдуллин

Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісіңнің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды,
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жаңжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар.
Жиынға киер жібекті,
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым» деп,
«Не көрсетіп қойдың» деп,
Тағы өзіңді жазғырар.

Ілмектер: әйел, киім, жаман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Ілмектер: әдеп, келін, киім Саиф Сараи

Мен артық киімдердің болғанын қаламаймын. Өйткені киімің көп болған сайын оларды жұмсайтын күш-қуатың да көп болады.

Ілмектер: киім, артық, қалау, күш, қуат Роберт Де Ниро

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю

Әйелдер әйелдер үшін киініп, өзара бәсекелес дейді. Ол рас. Бірақ егер жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді.

Ілмектер: әйел, ер, киім Коко Шанель

Мен бүкіл әлем әйелдері үшін киім тігіп шығардым, ал олар келіп жалаңаш жүруге тырысады.

Ілмектер: әйел, киім, жалаңаш Коко Шанель

Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады, жан дүниесіндегі бар байлығы өзіне ашылады. Ондайда, әдемі киіміне қарамастан тоғышардың бейшара көңілі өксік атады, ал есіл адамдар иен қағырда жүрсе де құлазуға ұшырамайды.

Ілмектер: жалғыздық, жан дүние, байлық, әдемі, киім, көңіл, өксік, құлазу Артур Шопенгауэр

Семіз әйел болмайды, тар киім болады.

Ілмектер: семіз, әйел, тар, киім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская

Мемлекеттің бірінші міндеті — онда туған балалар ақыл тоқтатып, есейгенше жақсы баспанамен, киіммен, тамақпен қамтамасыз ету және білім беру.

Ілмектер: мемлекет, міндет, бала, баспана, киім, тамақ, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек.

Ілмектер: адам, сұлу, жан, киім Антон Чехов

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Ілмектер: Жауынгер, тәрбие, әскер, киім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жөргек Бауыржан Момышұлы