Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (8)

Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.

Ілмектер: бала, тәрбие, қарттық, болашақ, қайғы, ел, кінә Антон Макаренко

Адамдардың көпшілігі жел оңынан тұрып, тымықта жүзіп келе жатқанда — қасындағыларды "қызық-қуанышты тең бөліспедіңдер" деп кінәлауға шебер келеді, ал сәл дауыл тұрса болды — оларды қашан көргенін ұмытып, жансауғалауға көшеді.

Ілмектер: адам, өмір, кінә Тоқсары

Мен біреудің мақтауына немесе кінәлауына көңіл аудармаймын! Мен тек өз ішкі сезіміме еремін.

Ілмектер: сезім, мақтау, кінә, нақыл, афоризм Волфганг Амадей Моцарт

Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлы.

Ілмектер: кінә, үйрету, нақыл, афоризм Платон

Баланы жиі масқара етсе, ол өзін кінәлі сезінуді үйренеді.

Ілмектер: бала, тәрбие, масқара, кінә, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев

Кім бағынышты болса, сол кінәлі болады...

Ілмектер: кінәлі, кінә, бағыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Өлім Құдайдан емес, надандықтан. Амал (іс-әрекет) мен дұға (намаз) болса, емделмейтін ауру, көлденең кесел жоқ. Сондықтан адам өлімі үшін Алланы кінәлау толығымен ақылға сыймайтын жала. Бірақ надандықтан адамды толық шығару мүмкін емес. Себебі адамзат надандықтытан шығу дегеніміз "БӘРІН БІЛУ" деп ойлайды, негізінде ол Аллаға ғана тән, біз үшін надандықтан шығу "АҚИҚАТЫН" (ұзақ өмір сүруге қатысты, сақтануға қатысты Жаратушы Заңдары мен Ғылымын игеру, меңгеру) тану.

Ілмектер: өлім, Құдай, надандық, амал, әрекет, іс-әрекет, дұға, намаз, ауру, кесел, Алла, кінә, ақыл, жала, адамзат, ақиқатын, салауатты өмiр, ұзақ өмір, сақтану, Жаратушы, заң, ғылым Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев