Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (11)

Уайымнан ләззат алғыңыз келсе жақын досыңызбен оны бөлісіңіз.

Ілмектер: уайым, ләззат, дос Марк Твен

Миллиардерлер үшін жұмыс пен ләззат алудың еш айырмашылығы жоқ.

Ілмектер: жұмыс, ләззат Дональд Трамп

Тәннің ләззаты — саулығында,
Жанның ләззаты — білімінде.

Ілмектер: тән, ләззат, жан, білім, денсаулық Фалес

Шығармашылық- ләзатты азап.

Ілмектер: шығармашылық, ләззат Қадыр Мырза Әли

Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сезім, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таным Әл – Фараби

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев

Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, еңбек, ләззат Сайын Назарбекұлы

Бет қайтара білмеген кісінің терең лəззат алуы да мүмкін емес.

Ілмектер: ләззат, бет Роберт Вальзер

Тек жұмыс қана, сайып келгенде шын өмір дегеннің өзі де сол ғой, — рахат, жан қуанышы, болмыс лəззаты.

Ілмектер: өмір, рахат, қуаныш, ләззат Роберт Вальзер

Материалдық пайда табамын деп кісі өлтіру — əлі нағыз əрі таза жаманшылыққа жата қоймайды, егер кісі өлтіруші пайда тапқанның үстіне істегенінен лəззат алатын болса — міне, нағыз таза жаманшылық осы болады.

Ілмектер: пайда, ләззат, кісі өлтіру, жаманшылық Жорж Батай