Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (4) Ұлағатты сөздер (4)

Адамға мал мен мансап — жолдас емес.

Ілмектер: жолдас, мал, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сөйлей бiлмейтiн адам мансап биiгiне көтерiлмейдi.

Ілмектер: мансап, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Наполеон Бонапарт

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы