Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (7)

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Ілмектер: адам, ой, мұра Баубек Бұлқышев

Сақтар болсаң халқыңды, тілді сақта.
Баға жетпес мұра жоқ, тілден басқа.

Ілмектер: сақта, тіл, халық, мұра Әбу Сәрсенбаев

Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мәдениет элементтері деп кім айта алады?!

Ілмектер: көшпелілер, мұра, мәдениет Олжас Сүлейменов

Бақ – атадан қалған мұра емес.

Ілмектер: бақ, мұра Мырзатай Жолдасбеков

Халықтың ізгі дәстүрі — біздің ең асыл мұрамыз.

Ілмектер: халық, дәстүр, мұра, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Болашаққа "Мұра" дегеніміз — тек қана бұрынғылар қалдырған жәдігерліктер емес, сол мұраны түсіне алатын бүгінгілер санасы да.

Ілмектер: болашақ, мұра, сана, жәдігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Сөз, өсиет — мұра өліден тіріге,
Мирас тұтса — пайда өзіне, діліне!

Ілмектер: Сөз, өсиет, мирас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда, мұра Жүсіп Баласағұни