Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (10) Ұлағатты сөздер (17)

Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді.

Ілмектер: жақсылық, жамандық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Сайын Назарбекұлы

Парыз алға қойған міндеттен туады, яғни, міндет адамға парызды жүктейді. Сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде де әр түрлі.

Ілмектер: парыз, міндет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.

Ілмектер: ұлы, адам, парыз Зиг Циглар

Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ілмектер: парыз, ар, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Ілмектер: Ар, парыз, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамның парыз-қарызы сыйлауда...

Ілмектер: адам, қарыз, парыз, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Парыздан биік шың жоқ.

Ілмектер: парыз, шың, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адам бойындағы басты сезім — парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

Ілмектер: сезім, парыз, сезім, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да.

Ілмектер: әлем, парыз, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Шындық — парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

Ілмектер: Шындық, парыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сенім, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды.

Ілмектер: парыз, солдат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Парыз — арман мен даңқ шыңы.

Ілмектер: парыз, арман, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты, адам неге қабілетті болса, соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.

Ілмектер: парыз, адам, қабілет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Күрестің мән-мағынасын терең көркемдікпен ашып көрсету — хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы.

Ілмектер: күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парыз, міндет Бауыржан Момышұлы

Нағыз азамат парызын білер, пасық жандар пайда іздеп жүрер.

Ілмектер: парыз, пасық, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Парыз!.. Сен мәртебелі де, ұлы сезімсің. Сен ғана адамды өзінен өзін биіктете аласың.

Ілмектер: парыз, сезім, мәртебе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иммануил Кант

Адам өмір сүру ережелерін өзі құрастырмайды. Қоршаған орта қалыптастырып береді, және сол ережелер біз үшін заң, міндет, парыз.

Ілмектер: Адам, өмір, ереже, қоршаған орта, заң, міндет, парыз Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Пікірлер