Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (7)

Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.

Ілмектер: тіл, пәле, қызыл тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Шын жолында сөйлесең — басыңа келер пәлесі.

Ілмектер: пәле, шын, шындық, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өтірікті шын қылған — ол адамның қызыл көзді пәлесі.

Ілмектер: адам, өтірік, пәле, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Әз Жәнібек хан ноғайлы жұртымен бірге, қалмақ елін де қоса билеп тұрады. Ол ел тағдырын он екі бимен ақылдасып шешіп отырады екен. Бидің үлкені баяғы Жиренше. Бұл ердің білгірлігін сынағыш хан бір күні:

- Әу, Жиренше! Адам қалай қадірлі болады? - дейді.
- Қадірлі болғысы келген адамға үш жолдас керек, - дейді Жиренше табан астында.
- Иә, қандай жолдас?
- Бақыт, дәулет, ырыс.
- Ал басқа пәле қайдан?
- Басқа пәле тілден.
- Кәріліктің белгісі не деп білесің? - дейді хан.
- Қаратауға қар жауар.
- Қарсы алдынан жел тұрар, - дейді Жиренше.
- Қыз алған қалай?
- Қыз: "өзің білесің" дер.
- Жеңге алған қалай?
- Жеңге: "өзім білем" дер.
- Жесір алған қалай?
- "Балам білер" дер.

Бас биінің білгірлігіне хан осылайша тәнті болады екен.

Ілмектер: пәле, кәрілік, нақыл, афоризм Жиренше шешен

Алысты көре бiлмейтiн адам жанындағы пәленi де байқамайды.

Ілмектер: алыс, пәле, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Бар пәле нәпсіқұмарлықта.

Ілмектер: нәпсі, құмарлық, пәле, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Үндемей де үйдей пəле жабуға болмай ма?!

Ілмектер: үндемеу, пәле Роберт Вальзер