Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (35)

Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел.

Ілмектер: Рух, намыс Шерхан Мұртаза

Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

Ілмектер: дәйексөз, ел, Рух Ахмет Байтұрсынұлы

Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.

Ілмектер: қазақ, бала, өлең, рух, мінез Мұхтар Әуезов

Адам рухы айналасынан бөлек жасай алмайды...

Ілмектер: адам, рух Ғабит Мүсірепов

Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу.

Ілмектер: ерлік, сынақ, жеңіліс, рух Роберт Ингерсолл

Рух - таза ақыл.

Ілмектер: рух, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.

Ілмектер: ұлт, рух, қасиет, адам Бауыржан Момышұлы

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.

Ілмектер: ауру, дене, денсаулық, рух Бернард Шоу

Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын.

Ілмектер: ұлт, рух, тіл, құқық Мұстафа Шоқай

Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңында, рух қылышты жеңуі тиіс.

Ілмектер: әлем, қылыш, рух, күш, құдірет Наполеон Бонапарт

Рух өлмейді, рух көшеді.

Ілмектер: рух Тоқсары

Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді.

Ілмектер: рух, дүние, өтірік, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, болашақ Оноре де Бальзак

Рухың мен жаныңды таза ұста.
Себебі бұлар сенің тәніңнен де сұлу қасиетке лайықты.

Ілмектер: Рух, рухани байлық, жан, таза жан, тән сұлулығы, жан сұлулығы, рухани даму

Үрей — рухтың дәрменсіздігі салдарынан пайда болады.

Ілмектер: Үрей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дәрменсіздік, салдар, рух Бенедикт Спиноза

Құранның даусы шықса, ажалы келіп қалғандай, бастарына жабатын бірдеңе іздеп абыр-сабыр күй кешетін адамдар әлі бар ортамызда. Құран-Кәрім тірілерге ғана түскен деп, әруақтарға Құран оқыған дұрыс емес дейтіндер де бар. Шын мәнінде, Құран өлі тірінің рухани азығы.

Ілмектер: Құран, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, азық Нұрхалық Абдырақын

Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, шындық туралы, құдай, ғылым, иман, Рух, адамгершілік, түсінік, жаратылыс, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Музыка — рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.

Ілмектер: Музыка, рух, нақыл, афоризм, көңіл-күй, қанатты сөздер Әл – Фараби

Егер рухы жабайы болса, оның көзі мен құлағы жаман хабар береді.

Ілмектер: рух, жабайы, көз, құлақ, нақыл, афоризм Гераклит

Рух дегеніміз өсіп-өркендеудің өздік ішкі заңы.

Ілмектер: рух, өсу, өркендеу, заң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Пікірлер