Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (10)

Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді.

Ілмектер: кітап, тұлға Асқар Сүлейменов

Әлихан Бөкейханов кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейханов қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға.

Ілмектер: Әлихан Бөкейханов, тұлға Мәмбет Қойгелдиев

Өзін ашқан тұлға өзгені де ашады. Бір жақты ашықтық жоқ. Ашықтық қашанда жасампаз!

Ілмектер: ашық, тұлға, жасампаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дидар Амантай

Байлар мен танымал адамдар өздерін дәлелдеген тұлғалар ғой деп: «Біз олардың аяғының астында құрдай жорғалап жүруіміз керек, оларды қызғанып емес керісінше қызығып үйренуіміз керек, олардың бақыт пен сәттілік, жетістік пен жеңіс жолын білуіміз керек» деп қарсылық білдірерсіз, алайда олар осыншама бақ-нығметке, бақытқа қалай қол жеткізгендерін көбісі өздері де білмейді, себебі бұл тағдыр мәселесі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тағдыр, бақыт, Сәттілік, Жетістік, жеңіс, қызғаныш, тұлға, бай, жұлдыз, Әнші Нарша Булгакбаев

Біз танымал адамдардың ой-пікірі мен сенімінің көлеңкесі болып кеттік. Біз Алланың ғана нұры болуымыз керек. Сіздің ойларыңыз адамзат үшін болмаса да, өзіңіз үшін маңызды болуы тиіс, таңдау сізде – көптің бірі болу, не тұлға болу, бірақ ең дұрысы бәріне және барыңызға риза болу!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Газет-журнал, кинотеатр, Теледидар, кітап, жарнама, интернет, Әлеуметтік желі, дауыс, сенім, адам, танымал, тұлға, бақыт, күмән, сезім Нарша Булгакбаев

Ұлы тұлғалардың жиғанынан қиратуы жиілеу əрі көбірек болып келеді.

Ілмектер: ұлы, тұлға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Жастайынан еліне деген сүйіспеншілікпен тәрбиеленген намысшыл жастар болашағымызды қалыптастыратын тұлғалар болмақ. Егер адамсыздық пен надандықтың алдын алу шараларын қолданбасақ, тез таралып, ұлтымызды, елімізді жойып жібереміз.

Ілмектер: Ел, сүйіспеншілік, тәлім тәрбие, намыс, намысшыл, жастар, тұлға, адамдық, адамсыздық, надан, надандық, ұлт Али Айбекұлы

Тұлға атану деген — іс-қимылдың дара қайнар көзіне айналу деген сөз.

Ілмектер: тұлға, іс-қимыл, көз Эмиль Дюркгейм

Кез-келген жеке тұлға, қандай күшті болса да, жалғыз өзі бүкіл қоғамға қарсы ештеңе істей алмайды.

Ілмектер: қоғам, тұлға Эмиль Дюркгейм

Қанша көп түрлі дарынымыз болса да — бізге əлдебірдеңе жетіспейді де жүреді жəне ішіміздегі ең тəуірлеріміз де өздерінің толық жетілген тұлға емес екендіктерін іштей сезеді.

Ілмектер: дарын, тұлға, сезім Эмиль Дюркгейм