Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (3) Ұлағатты сөздер (7)

Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау.

Ілмектер: тәуелсіздік, құл, тәуелсіз, арман Габриэль Лауб

Бiз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткiзiп, мыңжылдықтың түйiскен тоғысында тәуелсiз мемлекет құрдық.

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуелсіз, ата-баба, мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев

Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған.

Ілмектер: тәуелсіз, табиғат, адам Люк де Копье Вовенарг

Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi.

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуелсіз, Қазақстан, халық Нұрсұлтан Назарбаев

Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады.

Ілмектер: тәуелсіз, пікір, адам, бағынышты Георгий Александров

Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды.

Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді.

Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес!



Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, тұрмыс, тіршілік, дүние, алдау, сезім, сана, билік, бала, ақпарат, адамзат, қабылдау, өмір сүру, салт, шарасыздық, сәтсіздік, көңіл, Қоғам, тағдыр, құдай, Кінәлау, проблема, шешім, тәуелсіз, адамгершілік, ізгілік, жол, Гуманитарлық, тәуелсіздік, масыл, құлдық сана, Тарих, қоршаған орта Нарша Булгакбаев

Қазақтар – намысшыл, тәуелсіз халық, бірақ олардың кейбіреулерінің білім-ғылымға, тәрбиелік маңыздылыққа деген құлшынысы басқаларымен бірдей емес екенін жоққа шығаруға болмайды.

Ілмектер: Қазақ, қазақтар, тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз, білім, ғылым, тәрбие, құлшыныс, тәуелсіз халық, тәуелсіздік күні Али Айбекұлы