Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (7)

Төзімді тілегіне жетеді.

Ілмектер: төзімділік, шыдамдылық Құтып

Балаға бұрын игерілмеген дүниені мейіріммен, төзімділікпен және махаббатпен игеруге көмектесіңіз.

Ілмектер: бала, тәрбие, мейірім, төзімділік, махаббат Мария Монтессори

Төзімділік дене қуатынан гөрі, сабырлылық әдеміліктен гөрі қайырлы.

Ілмектер: Төзімділік, дене, қуат, сабыр, әдемілік, қайыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Сенім әлемдегі ең қуатты күш деп айтуға болады. Сенім адамдарға суицид жасауға мүмкіндік береді, өйткені олар әрі қарай өмір сүрудің мәні жоқ деп сезінеді. Демек, сенім – мұқият басқаруды қажет ететін күш.

Суицид – өзіне-өзі нүкте қоюдың ең қатал, ауыр түрі. Олардың басты проблемасы, сөзсіз, өзгелерден, өмірден шаршауда және бұл үмітпен, сеніммен тығыз байланысты. Батылдық, ерлік, төзімділік қайда, уақытша сынақ, ауыр күнә емес пе деп айту бәрімізге де оңай.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Суицид, сенім, қуат, күш, Өмір, өмірдің мәні, шаршау, үміт, сенімділік, батылдық, ерлік, төзімділік, сынақ, күнә, Күнәһәр Нарша Булгакбаев

Ең қиыны — шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық пен сабырлылық көрсету, творчестволық тұрғыдан дұрыс, парасатты ойлай білу.

Ілмектер: шыдамдылық, төзімділік, байсалдылық, сабырлылық, парасат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Мен біздің қазақ халқын — Ұлы халық деймін. Ұлылық адам санының көптігі үшін берілмесе керек. Оның қажыр-қайратына, төзімділігіне, ілім-біліміне тән болуға тиіс. Қазақ қазақ болғалы қаншалық қанқұйлы соғысты, қуғын-сүргінді, ашаршылықты басынан кешірді. Өспесе өшкен жоқ. Сүрінсе де жығылған жоқ. Талай-талай зілмауыр табандарда тапталса да, өлдім деген жоқ.

Ілмектер: халық, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайрат, төзімділік, соғыс, ашаршылық Ханбибі Есенқарақызы

Шыдамсыздарға қарағанда төзімділер қайраттырақ болуы мүмкін: өйткені, алдыңғылар тек əлдебір қорқыныштың аузын жабуға ұмтылатын тəрізді.

Ілмектер: шыдам, шыдамсыздық, төзім, төзімділік, қорқыныш Роберт Вальзер