Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (6) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (5)

Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.

Ілмектер: шебер Фридрих Шиллер

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

Ілмектер: білім, шебер, дәулет, еңбек, өнер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ақтала бiлудiң шеберi басқа нәрсеге шорқақ болады.

Ілмектер: шебер, ақталу, шорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, білгірлік, шеберлік, шебер, мақсат, рахмет, рахат Әл – Фараби

Шебер де тәжірибелі адам ғана өзінің ішкі қорқынышын сақтыққа айналдыра алады. Әрқашан болашақ қиындықтарға анық және нақты дайын болыңыз. Мұқият, баяу ойланып, кез келген нәрсеге дайын болуды үйреніңіз, өйткені сіздің әрекеттеріңізге өзіңізден басқа ешкім жауапты емес.

Ілмектер: шебер, тәжірибе, адам, қорқыныш, сақтық, болашақ, қиындық, әрекет, жауапкершілік Narsha Bulgakbaev