Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (13)

Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.

Ілмектер: ғалым, еңбек, өмір Қаныш Сәтбаев

Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ.

Ілмектер: ғалым, ми, ақыл, тіл Ғабит Мүсірепов

Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саиф Сараи

Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым.

Ілмектер: ғалым, залымдық Әлішер Науаи

Еңбексіз ғалым — жеміссіз ағаш секілді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саади Ширази

Ғалымның қатесі кеме капитанының қатесіне ұқсайды. Кеме батса онымен бірге қаншама адам да батады.

Ілмектер: ғалым, қате, адам, Қоғам, жауапкершілік Мауәрди

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны,
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны,
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны,
Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді.

Ілмектер: өлім, хат, ғалым, тау, ай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Кiтаптардан көп нәрсенi бiлген адам — ғалым, өз уақытында ең көп тараған бiлiм мен әдiстердiң бәрiн үйренген адам — бiлiмдi, өз өмiрiнiң мағынасын түсiнген адам — iзгi.

Ілмектер: кітап, ғалым, білім, әдіс, мағына, ізгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Әуелі дана болуға тырыс, ал ғалым болу — қолың босаған кезінде.

Ілмектер: дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғалым Пифагор

Ғалым мен батыр және сұлу қайда барса да баспана табады.

Ілмектер: ғалым, батыр, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үнді даналығы

Данышпандар мен ғалымдар — біз қарайтын өмірге басқаша қарайды. Олар ерекше ойлау қабілетіне ие.

Ілмектер: Данышпан, ғалым, өмір, ойлау, қабілет, туралы Нарша Булгакбаев

Ғаламның бар жұмбағын шешетін жалғыз ғана адам болмайды. Соны шешу жолындағы бірнеше ғасырларға жалғасқан Ғалымдар мен Даналар тізбегі болады.

Ілмектер: Ғалам, жұмбақ, жалғыз, адам, шешім, жол, ғасыр, дана, ғалым, тізбек, туралы Нарша Булгакбаев

Ғалымдарын көкке көтермеген қоғам, білінбей құриды.

Ілмектер: Ғалым, ғылым, қоғам Narsha Bulgakbaev