Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (32) Ұлағатты сөздер (8)

Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір рет қана сүйеді.

Ілмектер: ғашық, ғашықтық, сүю Александр Куприн

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

Ілмектер: өлім, өкініш, ғашықтық, қыдыру Марк Твен

Жаңа ғашық болған шағыңда ойда жаңғырған тәрізденеді.

Ілмектер: ғашықтық, ой Мұхтар Әуезов

Ғашықтық адамның өзін-өзі алдаудан басталады, ал аяғы біреуді алдаумен тынады.

Ілмектер: ғашықтық, алдау Оскар Уайльд

Өзіне-өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді. Өзімшілдік — махаббатты улайтын сұмдық кесір-кесел.

Ілмектер: ғашықтық, махаббат, өзімшілдік Василий Сухомлинский

Ғашық кісіде шыдам болмайды,
Шыдамы болса, ғашық та болмайды.

Ілмектер: шыдамдылық, шыдам, ғашықтық, махаббат, нақыл, афоризм Құтып

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Ілмектер: Ғашықтық, құмарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі Абай Құнанбайұлы

Ғашықтық сезім — адамзат ғұмырын жалғайтын нәр. Ол сезім тек ер мен әйелдің арасында болады деп түсіну — қателік. Балаға, анаға, әке мен бауырға, дос пен жарға, туған жер, атамекенге, өнерге деген өлмей ажырамайтын қимастық — осының бәрі, сайып келгенде, ғашықтық.

Ілмектер: ғашықтық, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова