Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (17)

Қарапайымдылық - менің табиғи кемшілігім.

Ілмектер: қарапайымдылық, кемшілік Сальвадор Дали

Қарапайымдылық - адамның ең асыл қасиеттерінің бірі.

Ілмектер: қарапайымдылық Конфуций

Кішілік пен кісілік— ұлылықтың белгісі.

Ілмектер: қарапайымдылық Махмұд Қашқари

Қарапайымдылық — жасыл алқап.
Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

Ілмектер: қарапайымдылық, адамгершілік Иүгінеки Ахмед

Көрер көзге бола жасалған қарапайымдылық — барып тұрған екіжүзділік.

Ілмектер: қарапайымдылық, екіжүзділік Франсуа де Ларошфуко

Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық.

Ілмектер: қарапайымдылық, өнер, саты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.

Ілмектер: қарапайымдылық, сұрау, ар Саиф Сараи

Бойыңа қарапайымдылықты, парасаттылықты, ар тазалығын, байсалдылықты, кiшiпейiлдiлiктi, әдiлдiктi, тақуалықты, мейiрбандықты, сүйiспеншiлiктi, тиiстi iстi орындаудағы табандылықты жинауға тырыс.

Ілмектер: қарапайымдылық, парасат, ар, тазалық, байсалдылық, кiшiпейiлдiлiк, әдiлдiк, тақуалық, мейiрбандық, сүйiспеншiлiк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Жалған қарапайымдылық даңққұмарлық секілді сасық нәрсе.

Ілмектер: Қарапайымдылық, даңқ, құмарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Карло Гальдони

Күшті, қайратты адамдар қарапайым болып келеді

Ілмектер: адам, қарапайымдылық Лев Толстой

Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.

Ілмектер: қарапайымдылық, сұлулық Лев Толстой

Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым.

Ілмектер: ақыл, ақылды, қарапайымдылық Жалаладдин Руми

Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.

Ілмектер: қарапайымдылық, жақсылық, ақиқат, ұлылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Қарапайымдылық екі жақты мән-мағына береді: қарапайым деген сөз бір жағынан — тереңдікті, екінші жағынан — бос, қуыс деген ұғымды, басқаша айтқанда, қарапайым әрі ақылды немесе қарапайым әрі ақымақ дегенді білдіреді.

Ілмектер: қарапайым, Қарапайымдылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Əдетте қарапайымдылықтың сыртында күш тұр деп ойлайды.

Ілмектер: қарапайымдылық, күш Роберт Вальзер

Қарапайымдылықтың шын мəніне келгенде жасырынған атақ- құмарлықтың өзінен басқа ештеңе де емес түрі де кездеседі.

Ілмектер: қарапайымдылық, атақ, құмарлық Альфред Адлер