Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (55) Мақал-мәтелдер (110) Ұлағатты сөздер (18)

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.

Ілмектер: құс, адам, бақыт, жаралған Владимир Короленко

Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?

Ілмектер: махаббат, сәнді, дүние, сезім, аққу, құс Ілияс Есенберлин

Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.

Ілмектер: ұят, ар, құс Махамбет Өтемісұлы

Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Ілмектер: жетім, ат, құс, әйел Шал Құлекеұлы

Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.

Ілмектер: тамақ, еңбек, құс, тұзақ Саиф Сараи

Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.

Ілмектер: құс, қуу Құтып

Көгершін үйренген жеріне қонады.

Ілмектер: көгершін, аң, құс, жер Құтып

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.

Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып

Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.

Ілмектер: гүл, бұлбұл, құс Құтып

Құстың қонар жерін су білер, Малдың барар жерін ну білер.

Ілмектер: құс, жер, мал Қорқыт ата

Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.

Ілмектер: адам, аң, құс, өріс Қадыр Мырза Әли

Көктің сәні – құс әні, бала мен мал – жер жаны.

Ілмектер: бала, мал, сән, құс Бернияз Күлеев

Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.

Ілмектер: құс, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.

Ілмектер: қыран, құс, тотықұс, сқйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Құстың даусы жұмсақ болса да қауырсыны қатты болады.

Ілмектер: құс, жұмсақ, қауырсын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шандор Петефи

Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды…

Ілмектер: қыран, құс, жетістік, жігер, биік, самғау, мотивация Уинстон Черчилль

Ақылсызға қонған құс соқыр.

Ілмектер: Ақыл, құс, соқыр, туралы Нарша Булгакбаев

Теңеу: құстың самғау перспективасын көлбақаның секіру перспективасына алмастырған екен.

Ілмектер: теңеу, құс, нақыл, афоризм, нақыл сөздер, қанатты сөздер Освальд Шпенглер