Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (15) Әзіл, анекдоттар (1)

Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы

Ілмектер: кедейлік, еріншектік, ұйқы, кежірлік Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.

Ілмектер: тамақ, ұйқы, сана Фрэнсис Бэкон

Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.

Ілмектер: ер, әйел, бала, пессимист, ұйқы Наполеон Бонапарт

Кейде тәуелсіз ой біз ұйықтап жатқанда оянады.

Ілмектер: тәуелсіздік, ой, ұйқы Леонид Сухоруков

Жаман әйел көп ұйықтар.

Ілмектер: жаман, әйел, ұйқы, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Келіншектің сұлу кезі — ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес.

Ілмектер: келіншек, ұйқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Таңертең ойлан, талтүсте әрекет қыл, кешке тамақ іш, түнде ұйықта.

Ілмектер: түн, ұйқы Уильям Блейк

Адам өміріндегі ең маңызды заттар кереуеті мен аяқ киімі: біз не ұйықтаймыз, не жүреміз ғой.

Ілмектер: адам, өмір, маңызды, зат, кереует, аяқ киім, ұйқы, жүру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Ашар

Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылығы өзiнен артылмаған…
Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап, талпынбаған.

Ілмектер: жақсылық, талап, ұйқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Өткен күндегi бар iстерiңдi таразыламай, ұйқыға жатпа.

Ілмектер: күн, таразы, ұйқы, нақыл, афоризм Пифагор

Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Ілмектер: денсаулық, тәртіп, ұйқы, тамақтану, нақыл сөздер Ибн Сина

... Әрине бірінші кезекте тән құмары (тамақ, ұйқы) табиғат заңдылығы тұрғысынан маңызды, бірақ сонымен қатар жан құмары (көрсін, білсін, естісін, танысын) да тәнмен бірге үйлесімде (баланс) болуы қажет...

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тән, Құмарлық, тамақ, ұйқы, табиғат, Заң, жан, құмар, тану, үйлесім, баланс Нарша Булгакбаев

Жақсы өткізген күніңнің тыныш ұйқы сыйлайтыны секілді, елге пайдалы сүрген ғұмырың да тыныш өлім сыйлайды.

Ілмектер: өмір, өлім, ғұмыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұйқы Леонардо да Винчи

Ұйқыдан көзің іссе емі жоқ — мастықтан.
Жұмыстан қолың іссе емі бар — ыстық нан!

Ілмектер: ұйқы, мастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нан, ем Сайын Назарбекұлы

Заманның ақыры таянған кезде бүгін қуанған ертең жылайды, бүгін жылаған ертең қуанады, бүгін мұсылман болып ұйықтаған, ертең кәпір болып оянады, бүгін кәпір болып ұйықтаған, ертең мұсылман болып оянады. Екіжүзділік шегіне дейін жетеді. Мұсылман мұсылман еместен ерекшелігі байқалмай қалады. Міне, осындай заманға қарап, өзімнен қорқамын.

Ілмектер: Мұсылман, заман, қуаныш, жылау, ұйқы, кәпір, екіжүзділік, ерекшелік, қорқыныш Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев