Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (10)

Ешкім ешкімді тастамайды. Тек мықтылар алға қарай кетіп қалады. Ал артта қалып қойған әлсіздер, өздерін тастап кетті деп ойлайды.

Ілмектер: тастау, қалу, әлсіз, мықты Михаил Литвак

Барлық еркектер әлсіз, әсіресе, джентельмендер осал болады.

Ілмектер: еркек, джентельмен, әлсіз Маргарет Тэтчер

Зымыраннан қымбат ештеңе жоқ. Негізі адамдар оны бұрын өте әлсіз, арзан дүниелерден жасаған еді. Бірақ тиімсіз жолмен жасаған соң өте күрделі, қымбат болып көрінді және солай бағаланды.

Ілмектер: зымыран, қымбат, адам, әлсіз, арзан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Әлсіз адамдар өмірді түсінбейді, ал ержүректер оны меңгеріп алады.

Ілмектер: әлсіз, адам, ержүрек, өмір Сергей Довлатов

Әлсіздерді ажал күтеді.

Ілмектер: әлсіз, ажал Адольф Гитлер

Жаза — қылмыстың алдын алудың әсері ең әлсіз тәсілі.

Ілмектер: жаза, қылмыс, әлсіз, әсер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өзіңнен күштіге өзің де соқтыға қоймассың. Өзіңнен әлсізге әлім жеттік істей көрме.

Ілмектер: күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіз Ғабиден Мұстафин

Заң — қарақұрт торы: әлсіздер құтылмайды, күштілер тұтылмайды.

Ілмектер: заң, тор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіз, күшті Анахарсис

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы

Өзін əлсіз сезініп көрмеген адам, құдайдан да хабарсыз келеді.

Ілмектер: адам, әлсіз, құдай Роберт Вальзер