Біз неге кедейміз
Біз неге кедейміз, жалқаумызба?
Ел қамын жемейміз, аңқаумызба?
Көре алмай шеттейміз ағайынды,
Қазағым өз елінде қауқарсызба?
Біз неге кедейміз, жалқаумызба?
Ел қамын жемейміз, аңқаумызба?
Көре алмай шеттейміз ағайынды,
Қазағым өз елінде қауқарсызба?
Көздеріңнің көрінгенге көп таласы,
Оны ойлауға жүрегімнің жоқ шамасы.
Болады екен пейілдің ақ-қарасы,
Пендемін деп өзіңді ақтамашы.
Көздерімде қалып қойды елесің,
Жанға жара сенің қосқан үлесің.
Қажеті жоқ еді саған жолаудың,
Қадірімді жоғалғанда білесің.
Жыласам жұбатуым болалмайсың
Білемін енді қайтып оралмайсың
Көздерім неге мұңға тола беред(і)
Неге жаным жағдайымды сұрамайсың
Жабырқап жалғыз қалған да,
Сынақтар сынға алған да,
Түңілер болсаң жалған да,
Жəрдем сұрағын Алладан!
Болама сені мәңгі сүйіп өтсем,
Әлемнің əдемісін үйіп төксем.
Мен үшін енді өмірде нағыз бақыт,
Жұдырықтай жүрегіңе сыйып кетсем.
Үнсіздікпен есіңе ал бір минут,
Елді ойлап батқан мұңға тұңғыйық.
Әппақ қардай ары таза жандардың,
Арқасында тұр байрағың тым биік.
Өкінбеймін қиналған ауыр сәттерге,
Барлығы түсер мұңымның өлең дәптерге.
Бақытсыз болсам мен ғана жалғыз болайын,
Қалыспа жұрттан бақытыңды тап сенде.
Өзім жеттім деп сендер тасынбаңдар,
Себепкері бағыңның басың да бар.
Сені сүйреп арманыңа жетелеген,
Ол ұстаздар, аяулы асыл жандар.
Ғашық болғым келеді адамдарға,
Ғашық бола алатын шамам барда.
Сүйе алсам барлығын жүрегіммен
Одан асқан пендеңде арман бар ма?
Жүрегіне жара салып кетпеңіз,
Жауапсыз боп құр бақытсыз етпеңіз,
Көз жасына қалып қойып жүрмеңіз,
Сізде де бар қарындас пен әпкеңіз.
Ата-анаға не жақсылық жасадық,
Сөз қайтару, тағысынан аспадық.
Кейбіріміз тіпті бірге жүруге,
Ұялуды шығаруды бастадық...
Сұратып алып құлатып,
Жылатып кейде жұбатып.
Өзгеріп жаным кетіпсің
Өзгенің отын тұтатып...
Қарағанда тарихыңды білмегенге,
Жүректерің ұқсайды кірлегенге.
Қалам тербеп қысқаша тоқталайын,
Жауап беріп оларды "кім" дегенге.
- Мұратхан Шоқан
- Брюс Ли
- Дейл Карнеги
- Дейл Карнеги
- Құтып