admin

  • Ұпайы: 33534
  • Тіркелген уақыты: 04.02.2015 14:53
  • Соңғы кірген уақыты: 23.03.2017 16:42
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 12

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Өзімнің қандай инженер екенімді ойласам болды, дәрігерге қаралуға қорқамын.

Ілмектер: инженер, дәрігер, мамандық, сапа, білім сапасы

Емтиханнан кейін:
- Тапсырдың ба?
- Тапсырған сияқтымын.
- Не сұрады?
- Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.

Ілмектер: Ағылшын тілі, емтихан, ағылшын

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып жатыр...
Мұғалім: Дастан сен үлкен болғанда кім боласың?
Дастан: Мен үлкен болғанда бай болам, ақшам көп болады, əйел аламын, сол əйеліме - машина, алтын, бриллиант, яхта, вилла алып беремін кейін шетелдерге алып барып саяхат жасатамын.
Мұғалім бəрекелді жарайсың. Ал Гульназ сен үлкейгенде кім боласың?
Гульназ: Мен үлкейгенде Дастанның əйелі боламын!

Ілмектер: Мұғалім, оқушы, кім боласың

Өлген қазан
Қожанасыр қонақ шақыратын болып көршісінен үлкен қазанын сұрап алыпты. Ертеңіне қазанын әкетуге келген көршісі жуулы қазанының қасында өзінікіне ұқсаған кіші қазанның да тұрғанын көреді. Қожанасыр қалжыңдап: «Түнде толғатып қазаның босанды» дейді. Көршісі еш кідірместен: «Ә бәрекелді, жақсы болған екен» деп екеуін де алып кетеді. Келесі жолы қонақ шақырғанында Қожанасыр әлгі көршісінің қазанын тағы сұрап алады. Бұл жолы қазанын әкетуге келген көршісіне Қожекең: «Қазаның жоқ, қазаның түнде толғатып жатып өліп қалды» дейді. Көршісі ашуланып: «Қазан өлуші ме еді, басымды қатырма, қазанымды бер» дейді. Сонда Қожекең: «Толғатып тағы бір қазан туғанына сенген адам, өлгеніне де сенуі тиіс» деген екен.

Ілмектер: Өлген қазан, Қожанасыр, қазан, көрші

Мас күйінде көлік жүргізбек болған адам жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Мас жүргізуші аяғы сынған жаяу жүргіншіге «Егер сотқа арызданбайтын болсаң, саған көп ақша беремін» дейді. Жаяу жүргінші: «Болады, неге болмасқа, маған 500 миллион теңге берсең, арызданудан бастартамын» дейді. Жүргізуші ашуланып: «Сен не, мені миллиардер деп ойлап тұрсың ба?» дейді. Жаяу жүргінші болса: «Сен не, мені қырықаяқ деп ойлап тұрсың ба?» деген екен.

Ілмектер: көлік, қырықаяқ, жаяу

Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сиппаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын. :)

Ілмектер: Мұғалім, жалқаулық, үй жұмысы, шығарма

Келіндердің әңгімесі:
- Көзіңе не болған құрбым?
- Сиыр сауып отырғанда құйрығы тиіп кетті.
- Қалжыңдап тұрсың ба, сиырдың құйрығы көзді осылай көгерте ме?
- Құйрығын бұлаңдатпасын деп тас байлап қойған едім.

Ілмектер: тас, сиыр, құйрық

Нью-Йоркта бір банктің алдына соңғы модельді люкс класты көліктен түскен адам жылдам қадамдармен банкке кіріп келіп шұғыл түрде кредит алғысы келетінін айтады. Банк қызметкеріне өте шұғыл шаруалармен Еуропаға кетуі керектігін және осы себепті 1 апта көлеміне бес мың доллар кредит алуы керектігін айтады. Банк қызметкері клиент турасында қысқаша анықтама жинағаннан кейін: «Финанциялық және материалдық жағдайыңызды қарадық. Бұл кредитті алуыңызға ешқандай кедергі жоқ. Бірақ біздің банкімізбен бұрын соңды жұмыс істемеген екенсіз. Банк ретінде сізді танымаймыз. Осы себепті кредитті бере алуымыз үшін сізден кепілдік сұрауға мәжбүрміз» дейді. Әлгі адам стол үстіне көлігінің кілті мен құжаттарын қойып: «Өте асығыс едім, ұшаққа үлгеруім керек. Кепілдікке есік алдындағы люкс көлігімді алсаңыздар болады» дейді.
Кредит рәсімдері тез арада бітіп, банк қызметкерлері көлікті банк гаражына кіргізеді де әлгі кісіге бес мың доллар береді. Банк қызметкері бір апта бойы бұл кісі туралы ақпарат жинап, оның өте бай адам екенін анықтайды. Бір аптадан кейін әлгі адам келіп бес мың долларлық қарызы мен 9,5 долларлық апталық пайызын төлейді. Банк қызметкері клиентінен таңдана сұрайды:
- Сіз өте бай кәсіпкер екенсіз ғой. Айтыңызшы, сіз үшін арзымаған сома болатын бес мың долларлық кредитті не үшін алдыңыз?- дейді. Бай кәсіпкердің жауабы:
- Мынадай люкс көлікті Нью-Йоркта қай жабық гаражға 9,5 доллармен 1 аптаға қалдыра алар едім?!

Бай болу үшін ақыл да керек :)

Ілмектер: паркинг, бай, банк, кредит

Риодан медаль алып келген спортшыға мемлекет тарапынан 250 000 АҚШ доллар, бапкеріне 250 000 АҚШ доллар, 3 бөлмелі пәтер, әкімшілік тарапынан машина беріледі, - деген хабарламаны оқып отырған ҰОС-ның ардагері айтыпты:
- Е, медальді Берлиннен емес, Риодан алып келу керек екен", - депті...

Ілмектер: Медаль, Ардагер, олимпиада

Сапасыз тұрғызылып құлаған тұрғын үйдің мән-жайын, құлау себебі мен кінәліні анықтау үшін сот құрылады. Әдеттегідей кінәліні табу қиынға соғады. Содан сотқа бірінші кірпіш шақырылып, сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сен сапасыз болғандықтан үй құлады» дейді. Кірпіш: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен өз қызметімді дұрыс атқардым, құмнан немесе цементтен сұраңыз бәлкім солар кінәлі шығар» дейді. Сонан соң құм сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сенің кесіріңнен үй құлап қалды» делінеді. Құм: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен де өз қызметімді аздап болса да атқардым, сіз цементтен сұраңыз мән-жайды» дейді. Кейін цементті шақыртып, сұраққа алады: «Үйдің құлағанына сен кінәлі екенсің, мойында» дейді. Сонда цемент: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, менің қатысым жоқ, мен ол жерде мүлдем болған емеспін» деген екен.

Ілмектер: тұрғын үй, Сот, цемент, құрылыс

Мұғалім оқушыларға еркін тақырыпта шығарма жазып келіңдер деп тапсырма береді. Балалардың біреуінің шығармада “шамамен, болжам бойынша” деген сөздерді көп қолданғанын көрген ұстазы, сен үлкейгенде кім боласың деп сұрайды. Әлгі оқушы кідірместен: «Ауа райы болжаушысы боламын» деген екен.

Ілмектер: Мұғалім, оқушы, мамандық, Ауа райы болжаушысы

Профессор студенттеріне бір рентген кескінін көрсетіп: «Бұл науқас ақсаңдап жүреді. Өйткені кескінде көріп тұрғандарыңдай сол аяғы, оң аяғынан қысқа. Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?» дейді. Біраз уақыт ешкімнен үн шықпайды. Сосын студенттердің бірі рұқсат сұрап былай дейді: «Шынын айтсам, мұндай жағдайда мен де ақсаңдап жүрер едім».

Ілмектер: Профессор, студент, науқас

Екі теңізші
Бір соғыс кемесі қараңғы және тұманды түнде жүзіп келеді. Басқару бөліміндегі капитан алдында ұзақтан жақындап келе жатқан жарықты көреді. Дереу қарсы бетке сигнал жіберіп, араларында мынадай әңгіме өтеді:
- Тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Сол мезетте қарсы жақтан да жауап келеді:
- Өздерің бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрыңдар!
Капитан мұндай жауапқа таңырқап, ашуланады. Екі жақтың араларында өткен диалог бір неше рет өзгеріссіз тағы қайталанады.
- Мен 30 жылдық капитанмын, саған соңғы рет қайталаймын, бағытыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұр!
- Сен 30 жылдық капитан болсаң, мен де 20 жылдық теңізшімін. Сен бағытыңды батысқа қарай 30 градусқа бұр!
Капитанның ашуланғаны соншалықты, экипажына барлық зеңбіректерді атуға дайындауды әмір етеді де, соңғы рет хабарламаны жібереді:
- Бұл әскери кеме, тез арада бағыттарыңды шығысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар оқ жаудыра бастаймыз!
- Ал бұл жер шамшырақ (маяк)... Сендер бағыттарыңды батысқа қарай 30 градусқа бұрмасаңдар, біраздан кейін жартастарға ұрылып қирайсыңдар...

Ілмектер: теңіз, кеме, Екі теңізші, маяк

Асқазанының қатты аурып тұрғанына шағымданып келген адамнан дәрігер сұрайды:
- Кеше түскі және кешкі аста не жедіңіз?
- Алдыма не қойылған болса соның бәрін жедім.
Дәрігер ойланып тұрып, көздің дәрілерін жазып береді. Науқас ашуланып:
- Дәрігер мырза мынауыңыз не, асқазанмен көздің не қатысы бар?
- Қатысы бар әрине, көзіңіз жақсы көргенде алдыңнан шыққан барлық нәрсені апыл-ғұпыл жей беріп, асқазаныңды бұзбас едің?- деген екен.

Ілмектер: асқазан, дәрігер

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
- Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
- Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
- Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
- Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...

Ілмектер: Қожанасыр, ақша

Әйелі күйеуіне келіп:
- Менің машинамның карбюраторына су кіріп кетті.
- Карбюраторда қайдағы су?
- Мен айтып тұрмын ғой су.
- Сен карбюратордың не екенін білмейсін ғой!!! Көрсет, қане сенің машинаң?
- Бассейнде!!!!!!!!

Ілмектер: карбюратор, Әйел

Сот:
-Сен осы өміріңде өз еңбегіңмен тым құрыса бір жүз теңге тауып көрдің бе?
Айыпталушы:
-Көрдім. Былтырғы сайлауда сізге дауыс бергенімізде сізден бәріміз бес жүз теңгеден алдық қой?!.

Ілмектер: Сот, пара

Екі жігіт кездеседі.
- Бүгін үйге келіп, шкафты ашсам, ішінде жалаңаш адам отыр!
- Таң қалатын несі бар...
- Қалай несі бар??? Мен бойдақпын ғой!

Ілмектер: бойдақ

Кішкентай маса шешесінен сұрапты:
-Апа, мен ұшсам бола ма?
-Ажалыңа асықпай, отыр үйде!
-Неге, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды ғой.
-Оны кім айтты?
-Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды.

Ілмектер: маса

Мұғалім оқушыға:
- Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
- Шешемнің қолы тимейді.

Ілмектер: оқушы, тапсырма

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)