Өлең, жыр, ақындар

admin

  • Ұпайы: 2502
  • Тіркелген уақыты: 17.05.2023 22:04
  • Соңғы кірген уақыты: 26.03.2024 00:12
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер

Рухани өмір тек қозғалыстағы мүшелерге ғана тəн.

Ілмектер: рухани өмір, қозғалыс Альфред Адлер

Ер адамдардың билеп-төстеушілігі табиғи нəрсеге жатпайды.

Ілмектер: ер адам, билік Альфред Адлер

Адам баласы ұдайы жанын жеп жүріп, бір қателіктен екінші қателікке ұрынады: шүкірлік етері — екіншісі біріншісінен гөрі азырақ қате болуы мүмкін.

Ілмектер: қате, қателік Альфред Адлер

Көз байлау мен сəуегейлік — құлдық сана көріністері ғана.

Ілмектер: көз байлау, сəуегейлік, құлдық, сана, көрініс Альфред Адлер

Үнемі сəтсіздік күтіп жүретін бір адамдар болады.

Ілмектер: сәтсіздік Альфред Адлер

Сайып келгенде, екі бойжеткен — бір бойжеткенге жетпейді.

Ілмектер: бойжеткен Альфред Адлер

Көз байлаудың негізінде бағындыру идеясы жатыр.

Ілмектер: бағындыру, идея, көз байлау Альфред Адлер

Ұқсас түрлі жағдайлардың өзінде əркім өзінше қателеседі.

Ілмектер: қателік, қателесу Альфред Адлер

Қоғамда қашқындарға орын жоқ.

Ілмектер: қоғам, қашқын Альфред Адлер

Бала қиялында сəбидің өзі де əлдекімдерге билік жүргізетін көріністер міндетті түрде кездеседі.

Ілмектер: бала, қиял, сәби, көрініс, билік, міндет Альфред Адлер

«Бəрі алдын-ала айқындалып қойылған» дегенге сену — өзің үшін ғана емес, өзгелер үшін де пайдалы өмір сүруден сужүректікпен қашып құтылуға мойын ұсынумен бірдей.

Ілмектер: сужүректік, өмір Альфред Адлер

Алға басқан қадамның бəрі — кемшіліктердің көзін жою жөніндегі қажеттілік.

Ілмектер: қадам, алға басу, кемшілік, қателік Альфред Адлер

Адамның ішкі жан дүниесіндегі қимыл-қозғалыстың бəрі — одан əрі алға басуға əзірлік.

Ілмектер: жан дүние, қимыл-қозғалыс Альфред Адлер

Кез-келген көңіл күй құбылысы нақты бір мақсатқа сəйкес келеді.

Ілмектер: көңіл-күй, мақсат Альфред Адлер

Біздің барлық қоғамдық институттарымыз, салт-дəстүрлеріміз бен заңдарымыз, біздің мораліміз,бізді жалпы жол-жоралғыларымыз
— оларды еркектердің үстемдік құруы үшін еркектердің өздері ойлап тауып, қолдап-қорғап келе жатқандығының ашық дəлелі.

Ілмектер: қоғам, салт-дəстүр, заң, мораль Альфред Адлер

Біздің бəріміз де бүтін біткенге көз қиығын да салғымыз келмейді: тек өз мақсат-мүдделерімізге сəйкес келетін бірдеңелерді ғана бағалаймыз.

Ілмектер: мақсат, мүдде Альфред Адлер

Нəпсіқұмарлық мəселесі төңірегіндегі наным-сенімнен аяқ алып жүру қиын.

Ілмектер: нəпсіқұмарлық, наным, сенім Альфред Адлер

Өмірдің мəні жоқ деген көңіл күй ауаны бел алған төңкерістер мен жаугершіліктер кезінде нəпсіқұмарлыққа шектен тыс көңіл бөлінеді.

Ілмектер: өмір, көңіл күй, төңкеріс, жаугершілік, нəпсіқұмарлық Альфред Адлер

Сырт қарағанда айырмасы жоқ іс-қимылдар бір жағдайда — қылмысқа жатқызылса, енді бір жағдайда — қылмысқа жатқызылмайды.

Ілмектер: қылмыс, іс-қимыл Альфред Адлер

Тегі, қоғамдағы кеселдер таза күйіндегіден гөрі, оған іш тартушылар көмегімен əлдеқайда көбейіп кетеді.

Ілмектер: қоғам, кесел Альфред Адлер