Өлең, жыр, ақындар

admin

  • Ұпайы: 2502
  • Тіркелген уақыты: 17.05.2023 22:04
  • Соңғы кірген уақыты: 26.03.2024 00:12
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер

Тегі, қазір өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінің ата-тегі құл болса керек.

Ілмектер: өмір, ата-тек, құл Альфред Адлер

Көп адам қорқынышқа бейім тұрады. Ұялшақтық — кісінің басқалармен араласқысы келмейтіндігінің бір белгісі.

Ілмектер: қорқыныш, ұялшақтық Альфред Адлер

Адам болу — өз кемшілігін өзі сезіну деген сөз.

Ілмектер: кемшілік, сезім Альфред Адлер

Өте жолы болмаушылық — өзінің маңыздылығын сезінудің бұл да бір жолы.

Ілмектер: жолы болмаушылық, маңыздылық, сезім Альфред Адлер

Үлкен бояу! Құдіретті атану! — Кішкене немесе өзін кішкене сезінетін адам біткеннің мəңгілік құштарлығы осы ғана.

Ілмектер: құдірет, сезім, құштарлық, мәңгілік Альфред Адлер

Бір рет алған əсердің əсері жойылмайды.

Ілмектер: әсер, әсер алу Альфред Адлер

Неке дегеніміз — міндетті түрде бойжеткен қыздың əйел рөлін ойнауға толық мойын ұсынуы емес.

Ілмектер: неке, міндет, бойжеткен, қыз, әйел, мойын ұсыну Альфред Адлер

Өмірлік мақсаттардың басым бөлігіне тек бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Ілмектер: өлім, мақсат, жұмыс, қол жеткізу Альфред Адлер

Көп адам өмірден, өмір сүруден қорқады.

Ілмектер: өмір, қорқу Альфред Адлер

Көп адам басқаның көзімен көру, басқаның құлағымен есту, басқаның жүрегімен сезіну дегеннің не екенін де білмейді: оған үйренбеген.

Ілмектер: адам, көз, құлақ, есту, жүрек, сезім Альфред Адлер

Мақсатын сезінбеген істің мəні де шамалы.

Ілмектер: мақсат, сезім, іс, мән Альфред Адлер

Қызғаншақтық — атаққұмарлықтың əпкесі.

Ілмектер: қызғаншақтық, атаққұмарлық Альфред Адлер

Өтірік айтпа, қиянат қылма, адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, ұлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы!

Ілмектер: өтірік, адалдық, ақжүрек, ұлт, пайда тигізу Жүсіпбек Аймауытов

Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.

Ілмектер: халық, мәдениет, қазақ, ұлт рухы, тәрбие Жүсіпбек Аймауытов

Қоғам неғұрлым қарапайым болса — оны құрайтын индивидтердің арасындағы ұқсастық та соншалықты көп болмақ.

Ілмектер: қоғам, индивид, ұқсастық Эмиль Дюркгейм

Сана — болмыстың терең түкпірінде болып жатқан құбылыстарға əділ қазы бола алмайды: өйткені ол онда жете алмайды.

Ілмектер: сана, болмыс, құбылыс, әділ қазы Эмиль Дюркгейм

Дамуы төмен деңгейдегі халықтардың балалары ата-аналарының келген жасын емес, өз балалығын жалғастырады.

Ілмектер: төмен, деңгей, халық, ата-ана, балалық Эмиль Дюркгейм

Егер соғыс жағдайында жүрсе, адам өзінің ең жақын серіктерінің арасында да мазасыз тірлік кешеді.

Ілмектер: соғыс, мазасыздық Эмиль Дюркгейм

Өркениет ірі қалаларда шоғырланған: өзін-өзі өлтіру де сонда.

Ілмектер: өркениет, қала, өзін-өзі өлтіру Эмиль Дюркгейм

Зорлыққа бой үйренген жерлерде — оған төзіммен қарайды.

Ілмектер: зорлық, төзім Эмиль Дюркгейм