Араның тісі қыши ма?
Баланың қолы қыши ма?
Ара тісі қышымаса,
Балаларды шағар ма?
Бала қолы қышымаса,
Ойыншығын шағар ма?
Атпақ ек бiр-бiр құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық бiз құрдан-құр.
Асан әсем билеймiн деп әлек,
Хасен шешен сөйлеймiн деп әлек.
Айланбадан арба айланып барады,
Арбадағылар айбарланып барады.
Арықтың бәрi ғарып емес,
Ғарыптың бәрi арық емес.
Ал Әрiп арық та емес,
Ғарып та емес.
Барып көр, берiп кеңес.
Алты қотыр ақ атанға
Алты қолтық отын арттым.
Арғы арал, бергi арал,
Ол аралдарды жайлаған мал аралар,
Қырдың қызыл түлкiсiн қырағы алар.
Асқат
Жамап-жасқап,
Жасапты ақ сапты аспап.
Ақ сапты аспабы –
Жап-жақсы аспап.
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақты
Мен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,
Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
Алпыс алты ала баспақ бақтым,
Алпыс алты ала баспақтың iшiнде
Тарғыл тарбақ басы ақ баспақ бар.
Атам томағаламаған бүркiттi
Мен томағаламағанда,
Кiм томағалайды?
Атам:
«Балама ат аламын», – дейдi.
Апам:
«Балама ала мата аламын», – дейдi.
Атасы ат ала ма?
Апасы ала мата ала ма?
Сүйініш ауырса бір,
Үй іші абыр-сабыр.
Қылмайтын абыр-сабыр
Одан да тәуір Сабыр.
Балақты қырық түрік түріп-түріп,
Жүгірді қырық түрік
Тұрып-тұрып.
Маймылдың тісі тіс-ақ,
Түсі түс-ақ.
Істеген ісі іс-ақ
Кісі құсап.
Бірақ ұсақ,
Ұсағы ұсақ!
Ара-тұра тал арала,
Тал ішінде талар ара.
Ара-тұра қала арала,
Таппай сені қалар ара.
Баланы қанағаттандыра алмадыңдар —
Қалаға аттандыра алмадыңдар.
Үш қышқа ұшқыш үш құс қонды.
Таппай қойсаң Жақыпты,
Taп қайтсең де Сақыпты.
Таппай қойсаң Сақыпты,
Taп қалай да Жақыпты.
Сақып жүрмес Сақыпсыз,
Сақып жүрмес Жақыпсыз
Дұрыс деп Тұраш айтты,
Бұрыс деп Бораш айтты.
Жалған деп Жарас айтты,
Рас деп Рәш айтты.
Қайыссы жалған айтты,
Қайыссы рас айтты?!
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі