Эссе және өлең-жыр байқауы

Жаңылтпаштар

Тоғыз ақ баспақ тана,
Тоғыз ақ баспақ тана iшiнде
Жалғыз тарғыл тайпақбас баспақ қана.


Толағайдың торы ала аты бар,
Толағай, торы ала атыңды
Тағалатып ал.


Тебiншек ат – шегiншек,
Шегiншек ат – тебiншек.


Тарғыл иттiң құйрығы
Талға оралар,
Талға оралар.


Саптап, сақтап орақ, шалғы,
Жұмсай берді олар, олақ шалды.


Сегіз семіз серке,
Семіз сегіз ерке.
Сегізі де егіз,
Семізі де сегіз.


Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан қорқа іштік.


Сағат сыртылдады,
Сырға сыңғырлады.


Сұр інгенді сүрінгенде демейін,
Сүрінгенді сүрінген еді демейін.


Сулы жерде жалбыз бар,
Жалбызға сен жалғыз бар.
Жалғыз бар да, жалбызды ал.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.


Солақайдың сол қолы – оң қолы,
Оңқайдың оң қолы – сол қолы.


Сызық сызып қызық сызды,
Қызық сызып, бұзып сызды.


Сең сел емес,
Сел сең емес.
Мен сен емес,
Сен мен емес.


Сенсең,
Бейсенде бар сеңсең тон,
Сейсенде бар сеңсең тон,
Кигендері өңшең тон.


Сүрiнген сұр iнген бе,
Сұр iнген сүрiнген бе?


Сыздық судан сүлiк сүздi,
Сыздықтың сүлiк салмасын үздi.
Салмадан сүлiк шығып сытылып
Суға түсiп, сумаңдап жүздi.


Сүт бетiнде май балқаймақ,
Ол қай май балқаймақ?
Балдан тәттi бал майқаймақ.


Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм,
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм.


Пайдалы деп,
Пияз жеп,
Парлады жас көзімнен.
«Пыссыншы біраз» деп,
Пысылдадым төзіммен.


Пай-пай тіпті күш қалмай,
Піл қорықты тышқаннан.
Пана таппай жортады,
Пәледен жаман қорқады.