Жаңылтпаштар

Ұстара, ұстара!
Ұстара мұрт алуға
Құштар, ә!
Құштар, ә!


Ұрыспаз, ұғымтал-ұғымпаз,
Ұғыспаз, ұрыншақ-ұрынпаз.


Уатушы Уәлиді
Уәзирамыз уайымсыз.
Уілдейді Уәлиі,
Уақыт уәжсіз Уәлисіз.


Тысы тым көрікті,
Үкілі үш бөрікті
Үлестір деп беріпті.


Тұмсығы балғаға айналар,
Балғасы қайлаға айналар.
Қайласы қайыңға қайралар,
Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.


Торы атты да жараттым,
Кері атты да жараттым.
Тынысы кең торы аттың,
Екпіні зор кері аттың.
Тұлпар тағаланулы,
Тұйғын томағаланулы.
Таңырқарлың тапқырлық -
Таланттыдан.
Тайсалмайтын талпыныс — талаптыдан.


Тортты ұнатамын торы ала атым,
Ала қарға түстес қара ала атым.
Астымда болса, асудан асып,
Шамам бар қасқыр қаға алатын.


Томпылдақтар-ай,
Қомпылдақтар-ай,
Тоңқылдақ торғай,
Қоңқылдақ қор-ай,
Тоңқаңдап бырқ-бырқ,
Томпаңдап былқ-былқ,
Тартады бүлк-бүлк
Батпаққа қарай.


Томағаланған төрт бүркіт - қолда.
Томағаланбаған төрт бүркіт - торда.
Қанша бүркіт болады сонда?


Телпек ұстаған
Шелпектің қасынан табылды.
Келтек ұстанған
Шелпектен қағылды.


Тау басында тарымды жедім,
Жар басында жармамды жедім.
Сайға түскен соң
Сонан қалғанды жедім.


Тас,тас, тасбақа,
Асты-үстінде тас-тапа.
Келсін қасқа- асқа, ата,
Берші бата, досқа, ата.


Сылдырмақ сылдырлады,
Сәби былдырлады.
Сылдырмақ сылдырласа,
Сәби былдырлай ма?
Сылдырмақты сындырмай ма?


Сұқсыр үйрек
Билеп-билеп ұшты.
Сұқсыр үйрекке ілесіп
Бір ірі үйрек
Қанатын сүйреп ұшты.


Сұқсыр үйрек сүңгігіш пе?
Сүйір үйрек сүңгігіш пе?


Сөздің соңын тақпақтады,
Талай тақпақ таппақ тағы.


Сиыр баласын "Торпағым" дейді.
Қоян баласын "Көжек, қорқағым" дейді.


Сексен сегіз сәбізді
Күнде өгізге жегізді.
Күнде сексен сегіз
Сәбіз жеген өгіз семіз.


Сатып тайлақты,
Алдық тай, лаңты.
Сатып тай, лақты,
Алдың тайлақты.


Сары шал маршал болды,
Маршал болған сары шалды
Кәрі шал қарсы алды.
Маршал келді, - деп,
Көрі шал жар салды.


Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)