Эссе және өлең-жыр байқауы

Мамандығым - мақтанышым

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Мәңгі адам боп қалу үшін ғаламда.

Мәңгі болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

Иә, шынымен де армансыз адам-қанатсыз құс. Онсыз көкке ұшып, биікке жете алмайсың. Орыс жазушысы Л.Н Толстой айтқандай: «Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тіршілік те жоқ». Демек, арман арқылы алға ұмтылу өмірдің басты мақсаты. И.С. Тургеневтің «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» деген айшықты сөзі адамзатты мүсіркеуге емес, өмірге деген ұмтылысына әрекет жасауға бағытталған. Бұны мақсатты арманға апаратын сара жол деп ұғамыз. Осыдан алты жыл бұрын білім мен тәрбиенің бастауы болған, сусындатқан, алтын ұя мектебімнен қанат қаққалы жүрген сәтімде болашақ арманыма жетудегі мақсатым мазалаған болатын. Орыс жазушысы И.С Тургенев: «Үлкен мақсатқа жетуді көздеген адам - өзі туралы ойлануы қажет» дейді. Сол он бір жылдық өмір мектебін аяқтағанда, өзімнің өмір атты мектепке аяқ басқанымды сездім. Ал, менің үлкен өмірге аттанғандағы мақсатым, асыл арманым – ұлағатты ұстаз болу еді. Бүгінгі таңда қоғам дамуына елеулі үлес қосып, қоғамда өз орны бар киелі мамандық – мұғалімдік мамандығы. Өйткені, мұғалім мемлекет өкілі. Ол білім беру сапасын арттыру саясатымен тікелей байланысты. Мемлекетімізде жастарға басқаны құрметтеу жауапкершілігін жеткізіп дарытушы, әрі еліміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы. Ол -мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да, нағыз жанды өкілі. Халқымыз: «Мұғалім әрі ғалым, әрі шешен қолбасшы», - деп бекер айтпаған. Себебі мұғалім екінің бірі игере алмайтын, жауапты мамандық. Осындай жан-жақтылықты қажет ететін бұл мамандықтың қаншалықты қиын екенін білсем де, ертеңгі болашағымның татар жемісі, жетер жеңісі, арманымның шыңы деп таңдадым. Мен – қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғаліммін. Ал, бұл мамандыққа үлкен жауапкершілік керек. Оған қойылатын талап та, сын да көп. Солардың бәріне біріміз шыдап, төзіп жатсақ, енді біріміз шыдай бермейміз-ау. Мамандықты өзі сүйіп, өзі қалап келген жүректі түлетеді, гүлдендіреді, шыдап білектендіреді. Керісінше болса басқа жерден жол табуға бағыт көрсетеді, бағдар беріп, жол сілтейді. Менің арманым орындалды. Мен - ұстазбын. Қарап тұрсақ «Ұстаз» деген сөздің өзінде кең ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын терең сыр бар. Өйткені, ол – мәңгі нұрдың қызметшісі, барлық ой мен қиял әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жан иесі. Ол жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық ақылдарды сіңіруші, ал оларды сорып сезімдерден, жаманшылықтардан және жұқпалы мінездерден аулақтатушы адам. Елбасымыздың: «Ел болашағы жастардың, ал жастардың болашағы ұстаздардың қолында»деген сөзінде терең мағына, келелі ой жатыр. Егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған еліміздің мәртебесінің өсіп, асқақтауы саналы ұрпақ қолында. Ал, сол ұрпақты сауатты қылып шығаратын күннің құдіретті сәулесі сынды зор тұлғалы ұстаз. Егер оқытушы мен оқушы арасыдағы іс әрекет бірін бірі толықтырып, бір бірімен байланысып жатса, білім мен біліктің, сауаттылық пен сананың, тәрбие мен тәлімнің жемісі болмақ. Ол – жеміс мемлекеттің, елдің жеңісі. Сол себепті де бұл мамандықты тандай отырып көздегенім – қазақтың ұл-қыздары деп мақтана алатын шәкірттерімнің көп болу. Оларға сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, халық үшін қызмет ететін, тілімізді дамытатын жастар етіп шығару. Нағыз ұстаз болу екінің қолынан келе бермейтін іс. Оның өзіндік талаптарым мен шарттары бар. Мысалы: Ұстаздың үнемі бала көзінде болу жинақы, әдепті талап етеді. Кез-келген уақытта шәкірттің қандайда бір сұрағына білімділікпен жауап беру қажет.Әрі оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың адалдығы, батылдығы, әділдігі, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн-сайын балалар тарапынан баға беріледі. Міне, менің де алдағы уақытта осы талаптарды орындай отырып, мектепте және мектептен тыс уақытта, Тәуелсіз еліміздің этолондық бейнесі болу.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...