Эссе және өлең-жыр байқауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орында болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген. 2012 жыллғы әлемдік үздік 390 шы университет.Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 % жинап, 5-орында тұр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында. Мәселен, интернет орталығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, мұражай., тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», компьютерлі- техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет жәлісі , ауқымы кең спорттық кешен сынды орталықтар орналасқан. Онымен қоса ең бай кітапхана – Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент өзінің керегіне еш қиындық қол жеткізе алады .

Университеттің ерекшелігі және өзіме қатты ұнағаны – студенттер үйі де, 14 факультет ғимраттары да, жоғарыда аталған кешендердің барлығы бір қалашықтың ішінде орналасқандығы. Оған қоса барлығы да әр студенттің қауіпсіздігі үшін байне камералармен жабдықталған. Қалашықтың табиғаты өте тамаша! Айнала қоршалған жасыл желекті ағаштар, хош иісті гүлдер, таза ауасы, ең бастысы шыңы аспенмен таласқан заңғар Алатау орналқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы әр адамды биікке жетелейтіндей көрінеді.Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрайды және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысады. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз оны мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Заң факультетінің аға оқытушысы А.А.Есекеева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...