Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік – таң нұры

Менің Отаным – беделді, батыл, батыр, бірлігі, байлығы бар  мемлекет!

Иә, шынында да осы 28  жылда біз көп нәтижеге қол жеткіздік. Ең бастысы- еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын биікке жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату-тәтті мекеніне айналған еліміз дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде.

Осының  бәрі- бірінші  Елбасымыздың сындарлы саясаты.  1993  жылы Н.Ә. Назарбаев Ордабасы жерінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дана билерімізді еске алу кезінде: «Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші- мүдде екенін, негізгі тарихи қадамдарымыздың сол мүдде ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте ұғынып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да санамызға сіңірген осы билеріміз еді» деп атап өтті.      Даналықтың мәйегінен, тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Сондықтан да мен осы биігімізден мәңгі таймайық дегім келеді. Өйткені «Қазақстан» дегеннің өзі, меніңше, конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық, халықтың бірлігі, экономикалық тұрақтылық, азаматтардың құқығы мен бостандықтары, халықаралық әріптестік секілді кең ауқымды қамтитындай. Осы жылдар ішінде Қазақстан бұл талаптарға толық жауап беретін алатын демократиялық мемлекетке айналды. Мұның барлығы Қазақстанның тарихи таңдауы болатын.

Тәуелсіздігіміздің 28 жылы тарих үшін қас-қағым сәт қана. Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таңғалмасқа шара жоқ. Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді.

Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Еуразия жүрегінде орналасқан әсем елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуды..  

Сонау 1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндерін еске алатын болсақ, күрегі мен дубинкасынның дәмін татқан , тас атқылап , желтоқсанның желіне  емес тізіліп  жүріп күшті  қысыммен өрт сөндіру, көліктері  шашқан мұздай су, сол кездегі саясаттың салқынына тоңған менің  аға-апаларым!!!!!Сол күндері  алаңда болған қазақтың қыз-жігіттерін еске  алса төбе шашымыз тік тұрады.

Барша қазақ елі!  Бастауын сол күндерден алған тәуілсіздігіміздің тұғыры мығым ,еңсесі биік ,халқымыздың бірлігі берік, тірлігі тиянақты болсын!

Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекетім – Қазақстан. 28 жылда жеткен табыстарыңа толағай табыс қосыла берсін, жайнай бер, өркендеп өсе бер!

Қазағым мәңгі жасасын !!!


Ақтөбе обылысы Хромтау ауданы Абай ауылы
Абай негізгі мектебі
8 сынып оқушысы Капизов Азат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз