Корейская косметика премиум класса

Егер сыйлағыңыз келсе

ЕГЕР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  1. Үлкенге – сәлем;
  2. Қуантқанға – сүйінші;
  3. Соғымнан – сыбаға;
  4. Егіннен – кеусен;
  5. Малдан – көгендік;
  6. Балаға – базарлық;
  7. Киімге – байғазы;
  8. Сәбиге – көрімдік;
  9. Төркіндеген қызға – қалау;
  10. Көрші қонғанға – ерулік;
  11. Көшкенге – «айырылысар көже»;
  12. Досқа – ескерткіш;
  13. Жетім-жесірге – қолқайыр;
  14. Мүсәпірге – садақа;
  15. Алғашқы қымыздан – «қымызмұрындық»;
  16. Соңғы қымыздан – «сірге жияр»;
  17. Дәулетіңізден шүлен таратып бересіз;
  18. Тойға – тойхана;
  19. Құдалыққа – киіт;
  20. Үйлену тойына – немеурін;
  21. Азаматқа – сыйлық;
  22. Қуанышқа – шашу;
  23. Сағынғанда – сәлемдеме;
  24. Асқа – саба (қымыз), сойыс;
  25. Қазаға – аза апарасыз.

 

ЕГЕР СҰРАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  1. Алладан – денсаулығыңызды;
  2. Пайғамбардан – шапағат;
  3. Қыдырдан – бата;
  4. Әруақтан – желеп-жебеуін;
  5. Данадан – өнеге, білім;
  6. Батырдан – сауға;
  7. Аңшыдан – сыралғы;
  8. Қарттың – хал-жайын;
  9. Жетімнің – жай-күйін;
  10. Саудың – амандығын;
  11. Аурудың – көңілін;
  12. Туыс-туғанның – бүтіндігін;
  13. Олжадан – тәбәрік;
  14. Қонақтан – «бұйымтайын» сұраңыз.

 

ЕГЕР БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ

  1. Ата – даналық;
  2. Әке – тау;
  3. Ана – бұлақ;
  4. Апа – тілек;
  5. Аға – қанат;
  6. Іні – тірек;
  7. Бала – бақыт;
  8. Ұл – мұрагер;
  9. Қыз – өріс;
  10. Нағашы – сүйеніш;
  11. Жер – тіршілік;
  12. Жылқы – мақтан;
  13. Түйе – салтанат;
  14. Сиыр – қанағат;
  15. Қайын – қанағат;
  16. Туыс – қорғаныш;
  17. Жастық – қызық;
  18. Азаматтық – дәурен;
  19. Жомарттық – барлық;
  20. Мәрттік – ерлік;
  21. Қайырым – азаматтық;
  22. Су – өмір;
  23. Қазына – байлық;
  24. Тіл – тереңдік;
  25. Білім – шексіз;
  26. Ақыл – артық;
  27. Қой – қазына;
  28. Байлық – мұра;
  29. Өнер – мәңгілік;
  30. Дін – сенім.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Павлодар қаласы

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×