Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатовтың “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы

Серке газеті — Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі болған тұғын. Алайда бұл газеттің жабылуына әсерін тигізген бірден-бір себеп — ақын-жазушы Міржақып Дулатовтың мақалалары. Соның ішінде: “ Жастарға” атты өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы. “Біздің мақсатымыз” мақаласының жариялануында саяси астары мен мәні бары айқын.  Оны мақаланың мына бір жолдарынан байқаймыз: “...Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып- соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді...” Яғни осы сөздері    патша өкіметінің қытығына тиіп, гезеттің жабылуына әсер етуі әбден мүмкін:

•Қазақтың шұрайлы жерлерін орыстарға бермеу қажеттігі жөнінде; 

•Мал-мүліктеріне ие болуы жөнінде;

•Халық өзінің талап- тілектерін ашық білдіру қажеттігі жөнінде;

•Қазақ азаматтары ішінен жер аудару  көбейгендігін  қозғап, қазақтарды оятуға тырмысқан Міржақып мақаласынның тарауы, газет беттерінің жабылуына  түрткі  болды.

Сол кездеңде қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Халық оянуы үшін қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге де болады. Мақаланың бағыты — халықты оянуға үндеу болды.

Ал енді қазіргі мезетке оралсақ, бүгінгі таңның журналисттерінің  бойынынан осындай батылдық табыла ма? Қазір ашық пікір, айқын ой, сөз бостандығын пайдалануға мүмкіндік берілді ме? Бұл сұрақтардың жауабын табу үшін  бірнеше жәйттарға көз жүгіртіп, жан-жақты қарастырайық. Қазақстан мемлекеті демократиялық бағыт ұстанған мемлекет екені бәріне мәлім. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұқаралық ақпарат құралдарында немесе көгілдір экран бетінен ашық білдірілген пікір мен мақалаларды көрдік, алайда бүгінгі күнімізде  бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер баспа бетінде ой-пікір, көзқарас білдіру ешқандай қиындықты туындатпайды. Әрбір сала маманы жеке пікір мен ойын ашық айтып, әлеуметтік желілерге де жүктей алатын  мүмкіндікке жеттік. Бірақ бұл сөз бостандығын теріс пайдаланушылыққа жол беру деген сөз емес. Себебі “Сөз Бостандығы - «Ақпарат бостандығы”   азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі.

Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз