Өлең, жыр, ақындар

Шолпанның күнəсі

Сол замандағы сирек кездесетін құбылыс-екі ғашықтың сүйіп қосылуы. Сəрсенбай мен Шолпан бір-бірін қатты жақсы көретін махаббат жаршылары. Бірақ, бұл махаббат Шолпанның ойының әсерінен суынды. Алғаш келін болып жүргенде, Құдайдан "бала болмаса" екен деп жалбарынатын. Ол бала екі ғашықты екі жаққа бөліп жібереді деп ойлады. Арада 3 жыл өтеді. Екеуінің махаббаты артпаса, кеміген емес. Осындай пасық ойлардан, көп отбасы бақытына сызат түсіп жатыр. Шолпан бала керек екенін түсінді. "Балалы үй базар, Баласыз үй мазар", -дегенді түсіне бастады. Намаз оқып, бойын таза ұстап, молда атануға дейін барды. 8 жыл осылай жүрді. Бірақ, Сәрсенбайды бедеу деп түйді. Ойына күнəлі ойлар келіп, қайын інісімен көңілдестік қылды. Шолпанның бойына бала дарыса да, екеуі бірге болуын тоқтатпады. Əрине, "қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді" емес па? Сəрсенбай Шолпанның ісін біліп, тепкінің астына алды. Отбасылық өмірге қадам басқаннан кейін адамдар бір-біріне адал болу керек. Бұл жерде, Шолпан мен Сəрсенбай өздерін мазалап жүрген түйткілді  сұрақтарын, бір-біріне деген айта алмаған əңгімелерін, бірге отырып шешу керек еді. Сырласу керек еді. Бір-бірін түсінбегендіктен, отбасы арасына сызат түсті.

"Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады?Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімді асырасын дейді", -деген Абайдың оныншы қара сөзі есіме түсіп тұр. Баланың орны əрқашанда бөлек екенін ұғынсақ деймін.  

Тұрғанбек Бибіфатима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз