Өлең, жыр, ақындар

Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев

2021 жылдың 15 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің  студенттерімен (ұйымдастырушылар Г.Қозғамбаева, дінтану мамандығының 1-ші курс студенттері) онлайн форматында Мұқағали Мақатаевқа арнап тәрбие сағатын өтті.

Іс-шара барысында студенттер ақынның балалық шағынан бастап шығармашылық өміріне дейін айқындап , тоқталып өтті.

Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты.  Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға,  өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды. Ол 1976 жылы қайтыс болды. 1981 жылы Мұқағали есімі көше атауына беріліп, ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды.

Ал, 2002 жылы Алматы қаласындағы Мақатаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы гүлзарға ақынның қола ескерткіші орнатылды. Республика бойынша мектептерге, скверлерге, саябақтарға Мақатаев есімі берілген. 2000 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ал биыл ақиық ақынның туғанына 90 жыл толып отыр. Соңғы кездері   ақиық  ақынның мерейтойлары мен туған күніне арналған игі  шаралар  жиі өткізіліп жүр.

Өзінен кейінгі ұрпақтарына баға жетпес   рухани қазына қалдырып,  Мәңгілік Музаға айналған Мұқағали Мақатаевтың  ерен  есімі мен  мол ғибрат,  таусылмас  тәлім-тәрбие аларлық туындылары қазақ  халқымен бірге  мәңгі жасай бермек. Жалпы қаламгерлер жайлы толғанғанда жазушы Мархабат Байғұттың: «Кітаптан алыстаған халықтың болашағы бұлыңғыр, келешегі күңгірт», – деп қатты алаңдайтыны еріксіз ойға оралады.

Ардақты  ағамыз айтқандай,  біз, бүгінгі студент-мамандар,  болашақ туған тіліміздің  жанашырлары төл әдебиетіміздің алтын қазынасынан  жалықпай сусындауды – өзіміздің  басты мақсатымыз етіп қоюымыз керек. Деп студенттер ұйымдастырған іс-шараларын аяқтады.

А.Н. Әбдіназар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты, Тарих факультеті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз