Корейская косметика премиум класса

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлына 150 жыл

​Қазақ ұлтының азат өмірге, еркіндікке жетуіне күш салған зиялы қауымы, ұлт жанашырлары болды. Соның басында Алаш көсемі Әлиханның тұлғасы биікте тұр. Ол ұлт жанашыры ғана емес, бүкіл ғұмырын ұлтының мүддесіне арнаған.

​Әлихан Бөкейханов хан тұқымының ұрпағы, ол тектілігімен, асқан білімділігімен, көрегендігімен, ұлтына деген үлкен жүрегімен ерекшеленеді. Осы қасиеттер оның ұлтқа қызмет етудегі ерен еңбегін көрсетеді деп санаймын.

​Ең алдымен, халқының тұрмысын түзетіп, ел қатарына қосуға үлкен еңбек сіңірді. Ол үшін маңайына қазақтың жанашыр, біртуар ұлдарын жинап, алдына үлкен мақсат қойды. Ол мақсаты Алаш үкіметін құру болғанын білеміз. Сол үкіметтің басына көсемі етіп Әлиханды ұлт жанашырлары сайлайды. Мұның өзі Әлиханға деген халқының сенімін білдіреді деп ойлаймын. Ұлт көсемі Алаш үкіметін құрғаннан кейін, арнайы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама тек қана қазақ ұлтының білім алуына, әл-ауқатын арттыруға, әдебиеті мен мәдениетін дамытуға, тұрмысын жақсартып, дамыған елдердің санатына қосуға негізделгенін көруге болады.

​Ұлт жанашыры «Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі бар байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс»,-  дей келе, "қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс",- деген идеяны ұстанады. Барлық көшбасшылардың қазаққа адал қызмет етуіне мұрындық болады. Осы сөздеріӘлиханның  ұлт үшін жаралған болмыс-бітімін аша түседі. Ұлт көшбасшысы сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де талай шаруалардың шешімін табуына үлесін қосады. Әсіресе, қазақ даласындағы аштықты терең зерттеп, қалған жұртты аман алып қалуда белсенді әрекет жасайды. Соның арқасында қазақ халқы нәубеттен аман қалып, қазіргі ұрпағын тәрбиелеп отыр.

​Әлиханның тұлғасын аша түсетін ерекше бір болмысы қазақ жерінің шекарасын белгілеп, ұрпаққа аманат етуінде деп білемін. Жер болмаса, ұлт болмайды, мемлекет құрылмайды деген ұранды тастаған да Әлихан екеніне тарих куә. Ұлт жанашырының басты бес ұстанымының бірі – ана тілінің жағдайы. Қазақ жерінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек деген екен. Демек, сол кезде Әлихан тілдің жағдайын көрегендікпен болжап кеткендей. Себебі, Әлихан ұстанымы болған жағдайлар қазіргі кезде өзектілігін жойған жоқ.Сондықтан Алаш көсемінің әрбір идеясы өміршеңдігімен ғаырларға жасай береді деп айтуға болады.

​Қорытындылай келе, ойымды:  «Алаш туы астында, Күн сөнгенше, сөнбейміз!» деген жолдармен аяқтаймын. Алты Алаштың ұрпағы жасай берсін!

Бақберген Аружан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×